-1.1 C
Алматы
Суббота, 15 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Ұят нәрсе» Роза Рымбаева қалың малға ақша сұрау ескіліктің ісі екендігін айтты

    Қазақстанның халық әртісі қалың малға ақша сұрау ескіліктің ісі деп есептейді. Ол қызыма мынанша ақша бересің деп, оны сату ұят нәрсе екенін айтып ашынған. Осылайша өнер иесі қалың малға қарсы екенін байқатты. Сонымен қатар, өнер иесі ата-бабаларымыздың қандай мақсатпен қалың мал алғанын айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    «Менің қызыма мынаншама дүние әкел деген ұят нәрсе. Кезінде ата-бабамыз өзінің жағдайын түзеу үшін кедей байқұс байға сатқан. Өзінің жағдайын жасау үшін мал алған», — дейді Роза Рымбаева.

    Дегенмен, Роза Рымбаеваның сахнадағы әріптесі Өктем Алтаевтың ойы тіпті басқа. Ол қалың мал алып, қыз жақ байып кетпейді, өйткені, қанша қалың мал алсаң, соншалықты жасау апарасың деп отыр. Өнер иесінің пікірінше қыз ұзату ұлға әйел алып беруден әлде қайда қиын әрі жауапкершілігі мол жұмыс.

    «Қалың мал деген қыз сату емес. Оның ақшасын аласың да, қыздың өзіне жасау жасап апарасың. Керісінше үстіне қосып апарасың. Келін түсіргеннен қыз ұзатқан қиын», — дейді Өктем Алтаев.

    қатысты посттар

    Абайдың «қара сөздері» мен Балғынбектің «жаңа сөздері» немесе Балғынбек 21 ғасырдың Абайы атана ма?

    Әлемнің қай түкпіріне барсам да, мен қазақпын» Димаштың видеосы 12 сағат ішінде 120 миллион көрілім жинаған

    Фариза

    Димаш өзіне қандай қыздардың ұнайтынын айтты (видео)

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.