-10.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жемісті кәсіп — ел берекесі!

    Үкіметтің кәсіпкерлік саланы дамытуға қатысты берілген тапсырмалары аудандар да қалай іске асырылуда? «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жастар мен өз кәсібін бастаймын деген жандарға қол жетімді ме? Бұл бағыттағы жұмыстардың барысы жөнінде Сарысу ауданын мысалға алдық. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының басталғанына биыл үшінші жыл. Аты айтып тұрғандай бағдарламаның басты міндеті халықты тек еңбекпен қамту ғана емес, еңбек нарығының тиімділігін арттыру. Бұл жобаның әсіресе жастарға берері мол. Мәселен, Оралсын Жылқыбай жастар практикасы орталық аурухадан іс-тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа қабылданып отыр. Жыл басынан бері Сарысуда 153 жас маманды осы бағдарлама арқылы жұмысқа тарту көзделсе, қазір бұл жоспар артығымен орындалып отыр. Ал, кәсіпкерлік саласы бойынша жұмыс көрсеткіші мынадай.«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауданда 74 азаматқа несие рәсімдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 36-на арнайы сертификат берілген. Ал, 20 тұрғын жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыға қол жеткізген азаматтарды дені ата кәсіппен айналысуда. Жеңілдетілген несиенің көмегімен қорасын малға толтырған азаматтар аз емес. 4 млн теңге қаржы алған Тұрсынбай Өтешов солардың бірі. Мал бордықылаумен айналысатын кәсіпкепкер алдағы уақытта мал басын көбейтуге ниетті. Ол ауылда тұрған адам қорасында мал ұстамаса басқа жұмыстың тиімсіз екендігін айтып отыр. Ол мемлекет қамқорлығы арқасында енді жағдайымыз жақсаратын болды дегенді айтады. Қазір бұл шаруаны ол өз отбасымен бірге атқарып отыр. Ал, Жайылма ауылының тұрғыны Дүйсенбек Сағындықов шұбат өндіру ісін қолға алған. Мемлекеттен қайтарымсыз 505 мың теңге грант ұтып алып, боталы түйе сатып алған. Бұған дейін үйіндегі бір түйенің сүті өздерінен артылмайтын, енді екі түйеден күніне 10 литрден аса сүт алып отыр. Ал, түйе саны бұдан да көбейетін болса аудан тұрғындарына шұбат сатпақшы екен. Жалпы, Сарысу жері әсіресе түйе малына өте қолайлы аймақ. Сондықтан, қолда бар қаражатқа ең бірінші түйе малын алуға тырысамыз дейді тұрғындар. Ал, қазір мемлекеттік бағдарлама арқылы айтарлықтай қолдаудың арқасында мал басы санын арттыруға да негіз бар. Ал, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл соңына дейін белгіленген жоспарды толығымен орындаймыз деп отыр. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорына да арнайы жолдамалар жіберуде. Әрине, бағдарламаның қос қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз жүргендерге берері мол. Бір ғана Сарысу ауданының өзінде үкімет қолдауының арқасында бірқатар тұрғындар тұрмысының оңалғанын қуанышпен айтты. Бұған қарап, халыққа ыңғайлы әрі аз мөлшердегі үстемақысы бар бағдарламарды көбейту жолы елдің еңсесін көтеріп, тірлігін тіктеуге бастау болады деп сендік…

    қатысты посттар

    Шымкентте резидент жолдауын жүзеге асыру мақсатында актив отырысы өтті

    Фариза

    Шымкент: «Менің қазақстаным» фестиваліне шетелдіктер қатысуда

    Фариза

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.