Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізбеген Божкоға қатысты Бекболат Тілеухан пікір айтты

    Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың атышулы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    Жуырда Владимир Божко «халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген болатын. Мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.

    «Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес», — деп қысқа қайырды Тілеухан ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін.

    Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Божко бұл сөзді «байқамай айтып қалған».

    Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та «Открытый диалог» бағдарламасында бұған түсініктеме берген еді.

    Министрдің пікірінше, Владимир Божко эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізе алмаған. Абаев оны қазақ жерінің нағыз патриоты деп атады.

    қатысты посттар

    Мұнай, доллар, митинг… Бүкіл Қазақстан демалғанда, эканомикамыз құлдырап жатыр

    Фариза

    Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген миллиардтар қайда жұмсалды

    Фариза

    Елде үлкен өзгеріс! Отыз жылға жуық билікке сенім артпаған халық Тоқаевқа үміт артып, жылы лебіз білдіруде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.