-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Саясат

    Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары

    Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі Таразға келді. Бүгін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» тақырыбымен кітапхана, мұрағат және музей саласы қызметкерлеріне арналған аймақтық кәсіби сессия өтті. Мұнда өңірдің барлық аудандарынан келген мамандар ашық кеңістік алаңында өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады. Бұл іс-шара Жамбыл облысында күні кеше іске қосылған Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі жобасының жалғасы. Екі жыл бұрын бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме біздің аймақтан бұрын Алматы, Ақтөбе, Атырау мен Қызылорданы аралап келеді. Ірі ғылыми –білім беру, мәдени ағартушылық іс-шаралардан құралған жоба сондай-ақ шалғай аудандарды да қамтып отыр. Ал жобаның мақсаты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Елбасының жүріп өткен жолын, ілгері іске кірісер сәтін көпшілікке кеңінен таныстыру. Елбасы кітапханасы – бұл үлкен ғылыми орталық та. Үйретері көп, танымдық тұсы мол. Сессия отырысында астаналық өкілдер аймақтардағы кітапханалар мен ақпараттық қызмет көрсету орталықтарының қызметін Елбасы кітапханасын үлгі ретінде қарастырып, одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар мәдениет және білім беру салаларындағы инновациялық даму мен ақпараттандырудың көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Мәдени мұраны сандық технологиялардың көмегімен сақтау және насихаттаудың көпшілікке тиімді тұстары айтылды. Жобаның басты мақсаты – азат елдің даму тарихындағы Елбасының жүріп өткен жолын, шешуші ролін жүйелі баяндайтын қор көрмесі болмақ. Бұл көрмені жамбылдық жұртшылық екі ай бойына тамашалай алады. Алқалы жиында біздің өңірдегі цифрландыру саласындағы жетістіктер сөз болып, осы бағытта жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды. Осы шараның заңды жалғасы ретінде Қордай ауданындағы Әлжан ана ауылында өткен Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясын айтуға болады. Онда да «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасы ауыл азаматтарына таныстырылды. «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясына негізделеді. Олардың аясында Қордай ауданының тұрғындары сирек кездесетін бейнематериалдардың, фотосуреттер мен архив құжаттарының, жәдігерлердің бірегей кешенін тамашалады. Бұл материалдар Н. Назарбаевтың еңбек жолын комсомол-металлург кезінен бастап ҚР Тұңғыш Президенті атанған кезеңіне дейін баяндайды. Келушілер отандық және шетелдік спортшылардың Елбасыға тарту еткен сыйлықтары мен марапаттарымен де танысуға мүмкіндік алды. Жалпы, бір айта кетерлігі Қордайдағы бұрынғы Қасық ауылы былтырдан бастап Елбасының анасы Әлжан Ана атымен аталады. Себебі, дәл осы елді мекенде Н. Назарбаевтың анасы дүниеге келген болатын.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі.

    Фариза

    «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесі мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қызу талқыланды

    Фариза

    Шымкенттіктер жылуға 26 млн. теңге артық ақша төлеп келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.