Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Спорт

    «Пайғамбардың немерелерінің басын кесіп, футбол ойнаған» Футбол ойынының шын мәнінде қайдан шыққандығын білеміз бе?

    Алғаш доп тебуге қатысты көп қауесеттің бірін айтсақ, көп жыл аңдысқан залым жаулары Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейіннің (Асан мен Үсен) бастарын кесіп алып, оны аяқтан-аяққа теуіп (қазіргі ұғыммен айтқанда, пас беріп), екі топ болып ойнаған көрінеді.

    Әдетте біз дүниежүзінде дүрілдеп тұрған футбол ойынын алғаш Англиядан шыққан деп білеміз. Өйткені, Англия футбол қауымдастығын әлемдегі ең бірінші құрылған футбол ұйымы деп таныдық. Оның негізі 1863 жылы қаланып, 1905 жылы ФИФА және 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болған, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz  порталына сілтеме жасап.

    «Жоқ, футболдың атасы – ағылшын емес, үнді» деушілер де бар. Алайда, Үндістанда ешқашан ФИФА тарапынан ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі жарыстар өтпеген. Оның үстіне елдегі футболдың даму деңгейі көңіл көншітерлік емес. Ондағы халықтың басым бөлігі футболдан гөрі крикет немесе шөптегі хоккеймен айналысқанды жақсы көреді. Ал Үндістанның футбол федерациясы 1937 жылы құрылған десек, содан араға 11 жыл салып, яғни 1948 жылы ғана ФИФА қатарына қосылған.

    Демек, Үндістан футболы Англиянікінен бақандай 74 жылдан кейін пайда болған. Бірақ, футбол ойынының тарихы бұл екі елдегі даму кезеңдерінен де әріде жатқан сияқты және ол алғаш доп тебуден басталмағанға ұқсайды. Неге десеңіз…

    «Адамның басы – Алланың добы» дейді қазақ. Оны кімнің қалай қабылдайтыны өз еркінде. Шын мәнінде, бұл сөздің астарында бас пен доптың ортақ бір байланысы бар екендігі тұспалданғандай.

    Алғаш доп тебуге қатысты көп қауесеттің бірін айтсақ, көп жыл аңдысқан залым жаулары Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейіннің (Асан мен Үсен) бастарын кесіп алып, оны аяқтан-аяққа теуіп (қазіргі ұғыммен айтқанда, пас беріп), екі топ болып ойнаған көрінеді. Осылайша өздерінің үстемдігін дәлелдеп, ата жауларының аяқасты болғанын көрсетуді көздеген-міс. «Құдайсыз қурай да сынбас» дегендей, бұл реттегі адам басының допқа айналуы да Алланың әмірінен тыс орын алып отыр дей алмаймыз. Яғни, жер бетіндегі жай ғана жаратылыс әр молекуланың қимыл-қозғалысына дейін реттеуші һәм бәрін көріп-білуші Жаратушының ықпалынан асып ештеңе істей алмаса керек. «Адамның басы – Алланың добы» деген біздегі тұрақты сөз тіркесі осы аталған «оқиғамен» тікелей байланысты ма деген де пәндәуй ой келеді осындайда.

    Мысалы, Сирияның 16-шы президенті Башар Асадтың саясатына қарсы болған Ан-Нусра тобының белді мүшесі Әбу Абдулсамиа «ИШИР» қарақшыларының қолынан қаза тапқан еді. Оқиға Сирияның Алеппо қаласында болған. Сол кезде Әбу Абдулсамианың басын алған қарулы топ оны балаларға футбол ойнауға беріпті. Көрдіңіз бе, бұл оқиға да араб елінде көрініс тауып отыр. Тағы да бастың допқа айналуы. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, егер Хасан мен Хұсейінге қатысты әлгі қауесеттің түбінде бір негіз жатқан болса, Сириядағы мына жағдай араб ұрпақтарына санадағы ұлттық код арқылы берілуі әбден мүмкін ғой?!

    Әрі-беріден соң, хас дұшпанының бас батырын қолға түсірсе, оның басын допша домалатып кесіп алу – әлем жауынгерлеріне тән дәстүр. Алысқа бармай-ақ, оған өзіміздің Кенесары, Махамбет, Кейкіні мысал етсек те болады. Сондай-ақ, қалмақ Шарштың басын алған Абылай ханды қайда қоямыз?..

    Бүгінде ағылшын ғана емес, арабтың да доп тебе алатынын «Ливерпуль» футбол командасының жартылай қорғаушысы Мохамед Салах айғақтап отыр. Goal.com интернет-сайтының нұсқасы бойынша, ол 2017 жылы үздік араб ойыншысы атанды. Ал АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Англия чемпионатында осы мысырлық Мохамед 19 рет гол соққан. Сондай-ақ, Италия чемпионатында да «Рома» командасында ойнаған Салахтың есебінде және 16 гол бар. Ол Мысырға Африка Кубогы финалы мен ӘЧ-2018 финалына шығуға да көмектескен. Африка-2017-нің де үздік ойыншысы атанды. Одан бөлек, Goal.com сауалнамасы бойынша саудтық «Аль-Ахли» құрамасының шабуылшысы, сириялық Омар Аль-Сома – екінші, ал оның отандасы, саудтық «Аль-Хилаля» шабуылшысы Омар Хрибин үшінші орынды еншілеген.

    Бұдан шығатын қорытынды, футбол ойыны біз білетін бертіндегі 1863 жылдан емес, сол арабтар «Алланың добын» тепкен ежелгі дәуір шамасынан бастау алғанға ұқсайды.

    қатысты посттар

    «Сәтті жекпе-жек болмады» — WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасады

    «Менде 10 бала болса деп мақсат еттім…» — Атақты спорт шебері тоқалы жайында сөз қозғады

    Мен қаншалықты аты шыққан боксшы болғаныммен, АҚШ-та маған көрермен жоқ — Қанат Ислам

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.