20.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр»

    Ирандық журналист Масих Алинежад Твиттерде ересек адам мен кішкентай қыздың үйлену тойының видеосын жариялады. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Роликте ересектер мен балалар жиналған отбасылық мереке көрініс тапқан. Олар қол шапалақтап, ән айтып, би билейді. Бөлменің ортасында күйеу жігіт пен қалыңдық – сақалды жігіт пен кішкентай қыз диванда отырады. Бір кезде қыз көз жасын сүртіп жатқаны көрінеді.

    Журналист бұл видеоны көрген кезде жылап жібергенін жазды.

    «Ислам заңы бойынша 13 жастағы қыз тұрмысқа шыға алады, алайда киімін өздігінен таңдай алмайды», — дейді ол.

    Роликті 275 мыңға тарта адам көріп, 3,8 мыңнан астам адам бөлісті.

    Көптеген қолданушы мұндай үйлену тойын қылмыс деп атап, Алинежадты қолдады.

    «Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр», — деп жазды Nicky Larkin деген қолданушы.

    Осы жағдайдан кейін, баланың ата-анасы сотқа шақырылған. Қалыңдық 11 жаста, күйеу 22 жаста екені анықталды. Отбасы жастар әзірге бірге тұрмайтынын, оларға танысуға уақыт берілгенін мәлімдеді.

    Судья некені заңсыз деп тауып, оны бұзды. Жастар қалыңдық 13 жасқа толғаннан кейін соттың рұқсатымен отбасын құра алады.

    қатысты посттар

    «Сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беремін!» деген Тоқаев сөзінде тұрды ма? Нәтижесі (фото, видео)

    «Үш баланы лақтырып, кейін өзі секірді». Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

    Фариза

    «Дұнғандар мылтықпен атып жатыр, келіңдер, жігіттер» Қордайда мылтық ұстап жүргендер елді шошытты (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.