-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Саясат

    Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы қоғамда ерекше талқыға түсті. Бұл жолдау бұрынғы жолдаудан бөлек. Өйткені, мұнда көптен бері халықтың көкейінде жүрген, бір сөзбен айтқанда қордаланған мәселелерге мән берілді. Ол алдын ала солай болатындығы жөнінде айтылды да. Мәселен: Мемлекетік қызметшілер енді 25 пайызға дейін қысқарады. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырып, қысқарған азаматтар есебінен қалғандарының жалақысын көтеру үшін керек. Мұғалімдердің айлығы өседі. Бұл да еліміздегі мыңдаған ұстаздар қауымының көптен күткен қуанышы болса керек. Ал, зейнетақы қорындағы қаржы беріледі дегеніміз жұртшылық үшін күтпеген жаңалық болды. Ендеше, бұл өмір бақи еңбек етіп келе жатқан көптеген азаматтарға үлкен қолдау болғалы тұр. Шағын бизнес 3 жыл салықтан босатылады. Әлбетте, кәсіпкерлер үшін мұндай мүмкіндіктер Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты елдерде ғана беріледі. Міне, осындай тың жаңалықтарға толы Президент Жолдауын Жамбылдықтар үлкен ықыласпен қабылдады. Енді ондағы тапсырмалардың сәтті жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Жолдауды қолдау мақсатында Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері Жолдаудың басым бағыттарын талқылап, ой елегінен өткізген үлкен жиын өтті. Онда жаһандық технология әлемді біріктіретін дәуірде еліміз уақытпен бірге жылжуы керек. Тапсырмалардың әрқайсысы қазіргі заманның шындығын көрсетеді. Елімізде жоғары мақсаттарға қол жеткізудің тарихи мүмкіндігі бар екендігі жіті түсіндірілді. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің айтуынша, қазіргі Жолдау елдің одан әрі өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, оған шағын бизнеске салық салуды жою сияқты бастаманың әсер еткені рас. Президенттің Шағын бизнесті салықтан 2-3 жылға босату туралы тапсырмасы — маған ерекше әсер қалдырды. Бұл қарапайым азаматтар үшін үлкен көмек, демеу болары сөзсіз. Біз басқа дамыған елдерден білеміз, шағын кәсіпкерлік – үлкен саланың дамуының негізгі тетігі. Президент өз Жолдауында қоғам мен ел үшін ең маңызды мәселелерге тоқталып, оларды шешудің жолдарын ұсынды. Мәселен, қоғам педофилия мен зорлық-зомбылыққа қарсы қатаңдатылған жаза мен алға қойылған міндеттерден оң өзгерістер күтеді. Зейнетақы қорындағы қаражатты тұрғын үйге негізгі салым ретінде пайдалану мүмкіндігін жастар қос қолдап қуаттайды дейді аталған шараға қатысушылар. Президент қоғаммен сындарлы диалог жүргізуді мақсат тұтады. Бірақ адамдар қоғам үшін мәселені өзі шешкісі келеді, қоғамның ұйымдарды тыңдауын қалайды, яғни, олар қандай да бір мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Себебі, адамдар көтерген мәселені көпшілік ести бермейді. Сондықтан, ол ешкімге әсер етпесе, сол кезде қоғамда үлкен резонанс туындайды. Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру үшін алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Қойылған талаптар мен жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыру — барша Қазақстандықтардың ынтымақ — бірлігі мен берекелі тірлігіне тікелей байланысты. Жиынға қатысушылардың түпкі ойы осыған саяды. Әрине, Жолдауды қолдауға Жамбыл облысы жерінде тұратын 80 нен астам түрлі ұлт өкілдерінің де ынтасы зор. Олар қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруда аянбай еңбек етеміз дегенді айтады.

    қатысты посттар

    Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

    Фариза

    Шымкентте 80 мыңнан астам қарт кісі бар

    Фариза

    Жамбылда «Мектепке жол» акциясы басталды

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.