-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    Жаңа технология — жаңа мүмкіндік!

    Мемлекет басшысының биылғы жолдауында халық денсаулығын арттырып, медицина саласына жаңа технологияны енгізу арқылы емдеу жүйесін жетілдіру керектігі тағы да айтылды. Осыған орай, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасы тағыда қымбат аппараттармен толығып отыр. Ол Оңтүстік Кореядан әкелінген «Бионир» компаниясының өнімі, ПЦР құрылғысы. Қондырғы молекульярлы диагностика жасауға арналған. Және де, бауыр қызметін тексеру үшін Француздық «Фиброскан» аппараты сатып алынды. Бұл бұрын сонды Жамбыл жерінде болмаған медициналық құрылғылар еді. Енді дертіне дауа іздеген жерлестеріміз ешқайда бармай-ақ осы аппараттар арқылы туған жерінде ем алуларына болады. Арнайы құрылғының Тараз қаласына әкелуіне байланысты жұқпалы аурулар ауруханасында арнайы конференция өтті. Онда Оңтүстік Корея елінен келген халықаралық тренер Мейсон Шин жергілікті мамандарға шеберлік сағатын өткізді. Конференияда вирусты гепатиттердің өзекті мәселелері талқыланды. Заманауи зертханалық диагностика әдістері таныстырылып, мамандар тәжірибе алмасты. Мұнан өзге бауыр церрозын дер кезінде диагноситка жасап, вирусқа қарсы терапияның тиімділігін бағалайтын «Фиброскан» құрылғысының жұмыс істеу тәсілі көрсетілді. Қазіргі таңда Қазақстанда жалғыз, өте жоғары сезімталды заманауи құрылғы бауырдың құрылымын зерттеп, әрі гепатологтардың қызметін жеңілдетпек. Құны 40 млн. тұратын мына бір құрылғы адам ДНК –сын зерттеуде таптырмас дүние. Сезімталдығы 500 есе жылдам. Бұған дейін вирусты гепатиттердің және басқада инфекциялық аурулардың тексеру зертханасы үш бөлмеде орналасса, енді бір жерден жылдам, әрі сапалы қан талдауын жасай алады –дейді мамандар. Біз бұрын ДНК –ны қолмен зерттеп, талдайтынбыз. Ол әдіс өте қауіпті, әрі ұзақ болатын. Жұмыс барысында түрлі қоқыстар түсіп кете ме деп алаңдайтынбыз. Енді мыны құрылғы арқылы жұмысысмыз еш қауіпсіз, жылдам жасалынады. Бұл ВNN заманауи құрылғысы. Барлығын автоматты түрде жасайды. Процесс ішінде жүргізіледі. Бұрын бір күн зерттесек, енді үш сағатта қан талдауын жасап шығарады. Мамандарды құрылғыны жетік меңгеру үшін арнайы Корей еліне бір аптаға оқуға жіберген екен. Бұл аппарат елімізде туберкулез саласы бойынша алғаш қолданысқа енгізілген. Яғни, он үш облыстың тубдиспасерінде бар. Ал, жұқпалы аурулар саласы бойынша алғаш біздің аймақ қол жеткізіп отыр. Ендігі жерде инфекционист-гепатологтар сараптама жасауда өзге клиникаға барып уақыт жоғалтпайды. Өңірде гепатит өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым азайған. Десек те жеке бастың гигенасын сақтау арқылы кез–келген тұрғын жұқпалы дерттен сақтана алады дейді ақ халатты абзал жандар.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекенге су жүйесі тартылады

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.