-3.1 C
Алматы
Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Министрдің қолы кез келген жерге қойыла бере ме?» Грант иегері атанған студенттер оқуға түсе алмай қалды

    Оралда колледжден кейін мемлекеттік грантқа иеленіп, Алматыдағы Спорт және туризм академиясына оқуға түспек болған 6 бірдей жас түлек оқуға қабылданбай қалыпты. Себебі олардың дипломдары мен таңдаған мамандықтарының шифрлары сәйкеспейді екен. Олар мұны оңтүстік шаһардағы ЖОО-ға келгенде бір-ақ білген.

    Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Оралдан Алматыда білім алу үшін келген түлектерді Спорт және туризм академиясындағылар құшақ жайып қарсы алып, бірден жатақханаға орналастырған. Алайда сұмдықтың бәрі ертеңінде оқуға құжат тапсырған кезде басталыпты.

    «Бір күннен кейін бәрі өзгеріп кетті. Оқуға түскендегі туризм мамандығы мен дипломның шифры сәйкес келмейтінін айтты. Ал бізге оны ешкім ескерткен жоқ», — дейді түлектердің бірі Аманбек Сейсенбаев.

    Оқуға қабылданбаған балалардың барлығы – республикалық туризм байқауларының жүлдегерлері. Колледжде жүргенде Өтемісов университеті ЖОО-ға түсуге үгіт жасапты. Сол кезде студенттер туризм академиясын таңдаған.

    «Құжатта оқуға түскеніміз туралы мәліметтер, тіпті, білім министрінің қолы тұр. Сонда оның қолы кез келген жерге қойыла бере ме? Біз енді қайда барамыз? Неге жоғарыдағылар қарамайды?» — дейді көз жасына ерік берген Мөлдір Жолдығұлова есімді түлек.

    Спорт және туризм академиясындағылар құжатты дұрыс қабылдамаған Өтемісов атындағы университетті кінәлап отыр. Ал білім және ғылым министрлігіндегілер Өтемісов атындағы университетке ескерту жасалғанын, түлектердің грантсыз қалмайтынын айтты.

    «Алтауы да ректордың грантына ілігіп, тегін оқиды», — дейді министрліктің тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы Айгүл Жұмабекова.

    Яғни түлектер Спорт және туризм академиясының емес, қателік жіберген Өтемісов университетінің ректорлық грантына қабылданады.

    Министрліктегілердің сөзінше, аталмыш оқу орнында бір жыл оқыған балалар кез келген оқу орнына ауыса алады.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағаш кентіндегі көшелерді жөндеуге 322 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    ІІМ қазақстандықтардың паспорттарынан табылған чипке байланысты түсініктеме берді

    Фариза

    10 жасар бала суға батып кетті. «Жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр»

    Пікір қалдыру

    9 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.