-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Өндіріске жаңа технология енгізу — уақыт талабы!

    Еліміздегі химия өнеркәсібінің алыбы «Қазфосфат» компаниясы өндіріске заманауи технологияны енгізу арқылы — жаңа белестерді бағындыруда. Соңғы жылдары кәсіпорындағы үлкен зауыттар мен цехтарға автоматтандырылған жүйедегі қондырғылар қойылды. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының да орындалуы деп айтуға негіз бар. Бүгінде Жамбыл облысы экономикасының 4-1 бөлігін құрап отырған өндіріс алыбының жыл сайын фосфор өндіретін цехтары көбейіп келеді. Бұл да кәсіпорынның қарышты дамуының көрінісі. Қазір зауыт 6 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырса, оның басым бөлігі жас мамандар. Алып кәсіпорынның 2010-2020-шы жылдарға арналған жаңа өндірістерді іске қосу бағдарламасы бекітілген. Осы арқылы өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындап келеді. Мәселен, жыл басынан бері 7 ай да 92 млрд теңгенің өнімін өндірген. Осындай қарқынмен жұмыс жалғасса, жыл соңына 140 млрд теңгенің өнімін шығару жоспарда бар.Қаратау алқабы фосфор кеніне өте бай. Ол әлі жүздеген жылдарға жетеді. Сондықтан, өндіріс көлемін қазіргіден де ұлғайтуымыз керек дейді сала мамандары. Ол үшін бірінші кезекте жаңа техникалар керек. Бұған дейін 130 тонналық 6 Белаз көлігін әр қайсысын 717 млн теңгеге сатып алған серіктестік, енді құны 1,5 млрд. теңге болатын алып эксковаторлар, бұрғылау техникаларын алып жатыр. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын көтеру де маңызды жұмыс. Қаратау қойнауындағы фосфор кені Жамбыл облысының химия өндірісіндегі — өнегелі өткені, баянды бүгіні, табысты болашағы. Өндіріс алыбы «Қазфосфат» осы жердегі ен байлықты игеру жолында күкірт қышқылын өндіруді де бір жүйеге түсірген. Цех жылына 600 мың тонна күкірт қышқылын шығара алады. 4 сатылы тазалау- қоршаған ортаға зиянды айтарлықтай азайтады. Автоматты жүйедегі өндіріс барынша қалдықсыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тағы да алып цехтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осының арқасында жылына 220 мың тонна фосфор қышқылын өндіру жоспарлануда. Әрине, өнім көлемінің екі есе артуы жаңа технологиялардың келуімен тікелей байланысты дейді сала мамандары. Әрине, «Казфосфат» серіктестігі үлкен ұжым. Оның Жаңатас пен Қаратауда, Түркістан облысында өз филиалдары бар. Ал, Тараз қаласын жағалай жатқан Жаңа Жамбыл фосфор зауыты мен минералды тыңайтқыштар зауыты бүгінде табысты жұмыс істеп келеді. Мәселен: бұл жерден шығатын өнімдер Үндістан, Пакистан, Еуропа мен Ресейдің бірнеше қалаларына жөнелтіледі. Яғни, мына тұрған вагондар нағыз жиханкездер десе болады.Биыл аталған компанияның құрылғанына 20 жыл болады. Жаңа технология – жаңа мүмкіндік, тұрақты табыс та әкеледі. Демек, зауыт өнімдері сапасы да, бағасы да бәсекеге қабілетті бола түспек. Сол себепті, экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді жұмыстар легі жалғаса береді дейді серіктестік өкілдері. Өндіріс өркендеген өңір Жамбыл жері қашан да өзінің химия саласымен белгілі болған. Ендігі жерде оны дамыту жұмыстары қарқынды түрде жалғаса береді.

    қатысты посттар

    Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

    Фариза

    «Балама зорлық көрсеткендер әлі жұмыс жасап жүр» ШҚО-да әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр

    Фариза

    Шымкент: «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.