-5.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Болашақ емес балл керек: Бүгін ұйықтап отырған студенттер ертең адамның өмірін қалай құтқарады?!

    11 жылдық білімді аяқтап, мектеппен қоштасып жаңа өмірге аяқ басқан әрбір бала жоғарғы оқу орнына түсіп, ары қарай білімін жалғастырғысы келетіні анық. Студент атанған балмұздақ ата-аналарынан жырақ кеткеннен кейінгі өзіне-өзі ғана жауап беретін жауапкершілігі жоғары өмірді қалай қабылдайды, сол жолмен жаңа өмірге қадам басады?!

    «Студент» сөзін қазақшаға аударғанда ізденуші деген мағынанын береді. Бұл мағынаға қарап оқу орнына түскен әрбір студенттің мақсаты білім жолына ізденіске түсу деп те айта алмайсың. Себебі, қазіргі таңда өзі үшін, не білім үшін, тіпті елімнің болашағы үшін деп ізденетін студентті кездестіру өте қиын. Бал үшін, баға үшін ғана оқитын студенттердің қарасы көбейген.

    «Университетте сабаққа қалмай барам деп айта алмаймын. Кейбір мұғалімдер шынында қатал болады. Ондай мұғалімнің сабағында группаның тіпті барлығы дерлік отырамыз. Себебі сабаққа қатыспасақ бал қоймайды.  Ал кейбір мұғалімдер жаны ашып, сабаққа келмесек те бал қойып бере береді. Әрине, ондай кездерде тек көңіліміз қалаған кезде ғана  сабаққа қатысамыз. Бал үшін оқитыным рас. Бұған, әрине, мұғалімдерді ғана кінәләу дұрыс емес. Өзімнің де жауапкершілігім жоқ екенін мойындаймын. Қазіргі таңда бәрі шынымен бал үшін оқиды ғой»,- дейді студент атанып «білім іздеген» жас бала

    Ия, еліміздің өркендеуі үшін де, өзіңнің саналы білім алып, тұлға болып қалыптасуың үшін де білім мәселесіне бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан бұл мәселеге келгенде де бір жақты кінәләу дұрыс емес. Дегенмен, санаңда тұратын бір сұрақ: бал үшін ғана оқитын студенттен ертең қандай маман шығады?

    Білімнің қай саласы болмасын оның қыр-сырын жетік меңгермесең ол саланы одан әрі дамытып алып кету, әрине, мүмкін емес. Сондықтан да, кейбір мәселелердің сын көтермеуі, кейбір салалардың дамып, ілгері баспауы осындай бал үшін оқып, «маман» деген атақты ғана арқалаған студенттердің де әсерінен шығар бәлкім.

    Басқа салаларды былай ығыстырғанда адам өміріне тікелей байлнысты медицина саласы ше? Бұл салада тек бал үшін ғана оқып маман атану дұрыс па? Халықтың басым көпшілігі қазіргі таңда жастар орналасқан ауруханаларға барудан қашады. Неліктен деп сұрасаң, жастардың білімі аз екенін айтып, оларға өмірлерін сеніп тапсыруға қорқатындығын айтады. «Сабаққа біресе барып, біресе бармайтын студентте қандай білім болсын? Тіпті, кейбіреулері қарапайым екпені де сала алмайды» — деп ашынады.

    Шынында, ота жасау былай тұрсын екпе сала алмайтын адамға өміріңізді сеніп тапсырар ма едіңіз? Әрине, жоқ. Өмір мен өлімнің арасына араша түсетін ақ халатты абзал жандар да бал үшін ғана оқитын болса, онда адам өмірін олардың қолына қайтіп тапсырмақпыз? Дегенмен, көпке топырақ шашудан аулақпыз… Саусақпен санарлықтай болса да өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, білікті маман атану үшін де тырысып жүрген жастар баршылық деп үміттенеміз.

    Әр адам жақсы өмір сүргісі келеді, қатарынан қалғысы келмейді. Ал жалындап тұрған жастық шақта ақшаның да, уақыттың да қадірі жоқ, жеткіліксіз екенін бәріміз білеміз. Бақтары жанып мемлекеттік грант иегері атанған студенттердің өзі  1 айда берілетін 20 мыңды ғана құрайтын шәкіртақыны азсынады. Ал онда ақылы оқуға түскендердің жағдайын қайда қоямыз? Оқуының ақысы бар, тұратын үйі, киімі, күнделікті жолақысы, қыдыратыны тағы басқа бәрін қосқанда ата-ана баласын 11 жылға қосып тағы да 4 жыл асырайды. Ал соның қадірін түсінетін бала бар ма? Әке-шешесінің берген ақшасын керексіз жерге жаратып, жерге қарататынын баладан ертең қандай маман, қандай тұлға шықпақ?

    Мұндай жүгі ауыр мәселені шешу үшін, ең бірінші баламен мектепте оқып жүрген ес жияр шағында айналысу керек деп ойлаймын. Расында, қазіргі таңда көп оқушылар, жасыратыны жоқ, қай мамандықта грант көп немесе қай мамандық бойынша көп ақша табуға болады сол салаға қарай жүгіреді. Тіпті, осы жағдайға кейбір ата-аналардың өзі де  міндеттейтіні өтірік емес. Баланың жан-жүрегімен қай мамандықты қалайтынына құлақ аспау, қай салада икемі бар екенін ескермеу — бұл ең бірінші қателік. Әр салының қыр-сырын мектеп жасынан санасына құйып, жұмысбастылыққа салынбай баланың болашағына, біліміне әр ата-ана ден қойып, қадағалайтын болса мұндай өрескелдіктер болмас еді. Сондай-ақ әке-шеше балаларына керегін өле өлгенше өздері әперуге, жетпеген жетістігіне жеткізуге тырысады. Әрине, әр ата-ана баласы үшін аспандағы айды алып бергісі келеді. Дегенмен, баланы оңай жолға емес, жетістікке өз күшімен жетуге тәрбиелеген абзалырақ. Ал өз бетімен іздену үшін келген студенттерге университетте қатал тәртіп орнат деудің өзі өрескел шығар, дегенмен, қадағалап отыруды міндеттеген жөн.

     

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Екпе алмаған жұмысшыларды кіргізбейтін нысандардың тізімі жарияланды

    Фариза

    СЫР ӨҢІРІНДЕ ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА «ТІЛДІ СҮЮ-ТАЛБЕСІКТЕН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Фариза

    Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.