-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Өрт сөнгеннен кейін екі қарт әйел табылды» Теміртауда ірі өрт болды

    Теміртау қаласындағы «Металлург ҚМК» аумағында ірі өрт болды. Салдарынан мыңға жуық үй өртеніп, екі адам зардап шекті. Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасына жарияланды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Өртті сөндіруге өрт сөндіру поезы, жеті автоцистерна және 64 өртсөндіруші тартылды. «Негізгі күштер тұрғын үйлерді, темір жолдарды, Жаңа ауыл бекетінің объектілерін және «Металлургическая» қосалқы бекетін қорғауға бағытталды. Өртсөндірушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында бұл маңызды нысандарды өрт шалмады», — деп хабарлады ТЖ басқармасы өкіді.

    Өрт сөнгеннен кейін 1932 және 1936 жылы туған екі қарт әйел табылды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі хал-ахуалы нашарлап, әлсіреп тұрғанын айтқан, ал екіншісі ІІ-ІІІ «А» дәрежелі күйік алған.

    ТЖ басқармасының мәліметтеріне сәйкес, алдын ала бағалау бойынша, 700-ден аса қараусыз қалған және 20-ға жуық саяжай құрылыстары, сондай-ақ, 160 гектар алқаптағы шөп жанып кеткен.

     

    қатысты посттар

    Түркістан облысын апаттан көз ашпады: қатты дауыл 17 үйдің шатырын ұшырып әкетті(видео)

    Фариза

    «Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кетті деп ойлаймын» — Асанәлі Әшімов Қордайдағы жанжалға қатысты

    Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адап зардап шекті (фото)

    Пікір қалдыру

    twelve − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.