-9.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек орта мектебінің ашылу салтанаты өтті

    Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді. Бұлбүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам.

    Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның 1-уі үшауысымды, 1-уі апатты және 3-уі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. (Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп (апатты мектеп); Байзақ ауданы, Ақшолақ ст. 120 орындық орта мектеп (үш ауысымды); Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп)

    Сонымен қатар жыл соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі (3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектеп-интернатына жедел саты орнату).

    Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.  

    Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 млрд. теңге бөлінді, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд. теңгеге артық (2018 жылы – 107,8 млрд. тг.). Оның 5,1 млрд. теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралып, бүгінде 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.

    140 орындық Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан соғылды. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы,  асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар.

    Биыл мектепте 250 оқушы (17 сынып) 2 ауысымда оқитын болады. Оқушыларға 39 педагогсабақ береді. Оның 12,5 % жас маман.

    қатысты посттар

    Республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты

    Шымкенттік сарбаздар Отан қорғаушылар күні толарсақтан саз кешуде

    Фариза

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.