-15.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтөбеде ата-ана 6 баласын мектепке қалай жіберерін білмей отыр

    Ақтөбеде ата-ана өзінің 6 баласын мектепке қалай жіберерін білмей отыр. Айтолқын Орынбасарова отбасының атаулы әлеуметтік көмек алмайтынын жуырда ғана білген. Төлем түспеген соң, ол мамандар көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz басылымына сілтеме жасап.

    балалар

    Ерлі-зайыптының 8 баласы бар: үлкені – 15 жаста, ал кенжесі әлі бір жасқа да толып үлгермеген.

    «Маған тамыз айында көмек ақша алмайтынымды айтты. Қыркүйекте де дәл осылай болмақ. Қазан айында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды қайта өткізуіме тура келеді. Бұл ақшаны сондай күттім. Балаларды мектепке киіндіремін деп ойладым. Менің 6 балам мектепке дайын емес. Мен енді не істерімді білмеймін», — дейді Айтолқын Орынбасарова.

    Көпбалалы ана бұл айда АӘК-ті күйеуінің демалыс үшін берілетін ақшасына бола ала алмағанын айтады. Күйеуінің бір айда екі жалақы алғаны туралы ақпарат шыққан. Мұндағы артық ақша 500 теңгені құраған.

    «Мен сәуір, мамыр, маусым және шілде айларында көмек ақшаны алдым», — деп отыр әйел.

    Отағасының жалақысы 100 мың теңгені құрайды.

    қатысты посттар

    Астанада үшем дүниеге келді

    Ақмолада аяғы ауыр әйелді әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

    Фариза

    Сұмдық – ай, Шымкентте «періштелер қайтыс болды»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.