Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген ананың жантүршігерлік қылмысы мәлім болды (фото)

    Башқұртстандағы Исмаилова селосының 28 жастағы тұрғыны өзінің баласын қайда жерлегенін айтты. Бірнеше күн бойы ізделген сәбидің анасы қылмысын мойындады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    «2019 жылдың 29 тамызында күдікті өзінің бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген. Кейін үйінің жанында жерлеген», — деп жазылған хабарламада.

    Башқұртстанда болған оқиға
    28 жастағы әйел баласын өлтіргенін мойындады

    Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел қылмысын мойындап, баланың денесі жатқан жерді көрсетті. Әйел қамауға алынатын болады.

    Башқұртстандықтар екі күн бойы Тимур есімді баланы іздеген болатын. Ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Анасы баланың жатқан жерінен жоқ болып кеткенін хабарлаған. Бүгін баланың денесі табылды.

    қатысты посттар

    Бір топ дәрігер ҚР Бас санитарын сотқа берді

    Фариза

    Түркістанда жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалды (видео)

    Фариза

    Алматыдағы MART сауда кешенінде жарылғыш зат ізделуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.