-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Авто

    «Иесінен қас пен көздің арасында айырылып қалып, жетім өсіп, одан Қазақстанға депортацияланған көлік»

    Автокөлікке арналған Қазақстандық kolesa.kz сайтында бұрын соңды кездеспеген ерекше жарнама жарияланды. Негізінде бұл сайт бөбінесе орыс тілінде хабарландыру, жарнама беріледі.Жарнаманың ерекшелігі сол хабарландыру беруші жарнаманы қазақ тілінде жазып, әрі әзіл араластыра өз көлігін сипаттаған екен. Бұл хабарландыру әлеуметтік желі қолданушылар арасында тез тарап кеткен. Сонымен, жарнаманың толық нұсқасын Qazweek.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады:

    БМВ сатылады! 
    Түсі: черный жемчук 
    Объемы: 2.8 
    Типтроник. 
    Жасы 21-де-яғни 1998-жылғы. 
    Ұлты неміс-Ариец! 
    Кезінде Германиядан Армениядағы ағайындарына қыдырып келгенде, иесінен қас пен көздің арасында айырылып қалып, жетім өсіп, одан Қазақстанға депортацияланған көлік. 
    Содан бері өз қолымда. Тағдыр дегенде қызық ау, бір замандарда Берлиннің түзу қара асфалтымен зулап жүрген көлік еді, бұл күндері Шым қаланың тақтайдай (жонылмаған) ақ асфалтымен айырып жүр. «жетім қозы тасбауыр»-демекші, аздап тентектеу еді, қазір жақсы. 
    Алғашқы кездері орманға ұлыған қасқырдай арасында батысқа қарап жәутеңдеп тұратын! Қайтсін отанынан айырылу оңайма-Германиясын сағынған түрі ғой. 
    Содан менде ерегескенде доконца баратыныма салып үйдің ауласына келгенде тұмсығын батыс бетке емес, шығысқа-Қошқар ата жаққа қарай бұрып қойып жүрдім. 
    Атаңа налеттің немісіне, менімен ерегескендердің соңғы баратын жері қайда екенін білдіріп қойғаным ғой. Сөйтіп Германиясын ұмыттырып, нағыз қазақы көлікке айналдырдым. (Тілі жоқ әйтпесе дәл қазір руың кім десең Багыспын деп тұратын еді.) 
    Жүрісіне әңгіме жоқ.  Өкіріп алып басқанда, өкіртіп отырған өзің екенініңді сезініп мәз боласың. Нағыз еркектің көлігі.  Моторының дауысы-жуан. Өзінен басқа көліктермен жарысқанда шаңына ілестірмейтін желаяқ. 
    Ходовка зың. 
    Моторы тап таза. 
    Бензин. Газ қойылмаған. 
    Далада қалдырып көрген жоқ, 
    Жолдастыққа жақсы адал. Шынымды айтсам сатуға да қимаймын, тек ит тірліктің итшілік қардер-қажетшілігі бітпей, қаражаттың керек болып тұрғаны. 
    Бастапқы бағасы 1млн.600 деп отырмыз

    қатысты посттар

    Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

    Нұр-Сұлтанда жерге түкірген тұрғындарға жаза қатаңдатылмақ

    Асель

    Қордай маңында автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

    Пікір қалдыру

    twelve − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.