Воскресенье, 21 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Бар өмірім көз алдымнан қайта өткендей болды» Димаштың жаңа әні тыңдармандарын таңдай қақтырды (видео)

    Димаш «Новая волна» халықаралық байқауында тыңдарманға жаңа әнін ұсынды

    Желіде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа ән жарияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Жаңа шығарманың атауы – «Passione». Ән итальян тілінде жазылған. Димаш Құдайберген оны «Новая волна» халықаралық байқауында орындады. Әншіні ресейдің танымал композиторы Игорь Крутой және Сочи қаласының жастар хоры сүйемелдеп отырды.

    «Үлкен рақмет! Қадірлі достар, шынымды айтсам, өздеріңіз сияқты тыңдарманның алдына шығып, ән айтқан сайын тамаша сезімге бөленемін. Қазақстанға келіңіздер! Маэстро Игорь Яковлевич, сізге үлкен рақмет! Барлық «dears»-тарға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін!», — деді Құдайберген.

    Ал желіде жаңа әнді тыңдағандар әншінің даусына тәнті болғанын айтады.

    «Бұл-сенсация. Бар өмірім көз алдымнан қайта өткендей болды. Тұншығып, мұхиттан шығып, терең дем алғандай боласың», — деп жазған тыңдарманның бірі.

    Айта кетейік, бұған дейін композитор Игорь Крутой «Новая волна» конкурсында Димаш Құдайберген жаңа ән орындайтынын хабарлаған болатын.

    қатысты посттар

    Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

    Фариза

    «Еш қисынға келмейді… Алжас аға, Алжаспаңыз!» — Балғынбек Имашев Тоқаевқа ашық хат жариялады

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    Пікір қалдыру

    twenty + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.