6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қоймаң болса қор болмайсың

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын аспандатуға жол жоқ. Алайда, нарыққа сілтеп, қолдан шарықтататын жағдайлар жоқ емес. Міне, осыған төтеп беретін төте жол — қор құрып, азықты қоймада сақтау. Бұл ретте аймақта көтерме тарату орталықтарын салу қолға алынған. Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов өңірдегі осындай алып екі нысанның жобасымен танысуға арнайы барды. Соның алғашқысы — Байзақ ауданы, Үш бұлақ бекеті маңындағы «База-SERVIS» ЖШС-нің көтерме-тарату орталығы. Бүгінде мұнда әрқайсысы 250 тонна азық-түлік, жеміс-жидек сақтайтын 16 қойма жасақталған. Қытай-Белоруссия елдерінен жеткізілген жоғары технологиямен жарақталған жоба құны құны 1 млрд теңге. Облыс әкімі ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қарқын қосып, қарашаға дейін нысанды қолданысқа беруді қатаң ескертті.

    Келесі нысан «Ауыл Береке» маңындағы дәл осындай көтерме тарату орталығы болды. Мұнда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Әр кезеңде сыйымдылығы төрт мың тоннадан асатын сақтау және сауда қоймалары салынатын болады. Олардың жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан орталықтың бірінші кезеңі биыл аяқталуы тиіс болса, қалған кезеңдері келер жылға тиесілі. Бұл қойманың басты мақсаты да сол, арзан кезде көкөністі көп жинақтап, жыл он екі ай қажетінше тиімді бағамен сату. Сол арқылы тауар бағасын тізгіндеп отыру. Айта кетер жайт, бой көтерер қоймалар адам аяғы көп һәм барыс-келіске қолайлы болуы үшін, біреуі күре жол бойында, бірі базар маңында көпке ыңғайлы болуы мақсатында таңдалған.

    Сондай-ақ, Асқар Мырзахметов базар маңына барып тұрып базар нарқын біле кетті. Сатушылармен тілдесіп, жеміс-жидек пен көкөністің сатылым барысын барлап шықты.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Басқарма басшысы ардагер журналистерді арнайы барып құттықтады

    Фариза

    Шымкентте қантты күлше шығарылады

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі COVID-19 бойынша төсек орындар мен ИВЛ туралы ақпарат берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.