11.3 C
Алматы
Пятница, 11 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    3 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірген әке қандай жазаға тартылды?

    Қаскөй туған қызын 38 рет пышақ сұғып өлтірген

    Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты өзінің үш жасар қызын зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген 47 жастағы тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Сот шешімімен Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

    Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Серік Рақымбердиев ішіп алып, өзінің 3 жасар қызын зорлаған, артынан асқан жауыздықпен өлтірген. Ол балаға 38 рет пышақ салған.

    Қаскөй тек баланы өлтіргенін ғана мойындады.

    Тергеу кезінде қылмыскер екі рет арнайы медициналық-психиатриялық сараптамадан өтті. Оның есі дұрыс екеніне ешкім сенбейді. Алайда кешенді сараптама оның дені сау және ешқандай ауытқуы жоқ екенін растады. Өз әрекеті үшін жауап бере алады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ, ол сот үкіміне шағым түсірмек.

    қатысты посттар

    Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

    Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

    Фариза

    Қордайдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты тың дерек шықты

    Пікір қалдыру

    seventeen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.