-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қазақстандықтар WordSkills Kazan 2019 чемпионатының күміс және қола жүлдесін иеленді

    Чемпионатттағы бірінші күннің қорытындысы бойынша алғашқы күміс пен қола медальды Қазақстанның спортшылары жеңіп алды. Осылайша, жерлестеріміз WordSkills Kazan 2019 чемпионатында кәсіби шеберліктерін көрсетіп, пилотсыз режимде авиациялық жүйені басқарудың жолдарын тапты. Республикалық құрама команданың 30 пайызы Шығыс Қазақстан облысының студенттері екенін айта кеткен орынды.
    Осымен 45-ші рет ұйымдастырылып отырған WordSkills чемпионаты 2019 жылдың 22 тамызында басталды. Басты мақсат — жұмысшы мамандықтарының танымалдығын арттырып, жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие салаларға деген қызығушылығын ояту.
    63 мемлекеттен келген 1600-ден астам қатысушы «Қазан Экспо» кешенінің аумағында 56 құзіреттілік бойынша бақ сынасуда.
    Бүгін чемпионаттың алғашқы күнінің қорытындысы шығарылды.
    Аса тартысты додада Қытай, Ресей, Малайзия, Франциядан келген қатысушылармен қатар Өскемендені электротехникалық колледждің небәрі 15 жасар студенті Али Әскерханов та бар. Ол Шығыс Қазақстан облысында пилотсыз авиациялық жүйені басқаруға болатынын дәлелдей алды.
    Чемпионаттың қорытындысы 27 тамызда шығарылады. Алдағы сында біздің балалар электромонтаждау жұмыстары, мехатроника, шаштараздық өнер, мейрамхана сервисі, аспаздық ісі, кірпіш қалау, САD инженерлік жүйесі бойынша жарысқа түседі.

    қатысты посттар

    Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімдігінің қолдауымен еріктілер мен полиция қызметкерлері бірігіп тұрғындарға бетперде таратты

    Фариза

    Көпбалалы аналар да кәсібін дөңгелете алады

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.