-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ЛГБТ өкілі: Митинг өткізу — билік өкілдерімен диалог құруға бастайтын алғашқы қадам

    Нұр-Сұлтан әкімдігі ЛГБТК қауымдастығының митингісін өткізу туралы өтінішті қарап жатқанын растады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қоғам белсендісі Айдар Елкеев Қазақстандағы ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер, квир) қауымдастығының заңды мүддесін қорғауға бағытталған митингілер өткізу туралы өтініш жазды. Құжатты Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктеріне жолдапты.

    Талон на заявлении в акимат Нур-Султана о проведении митинга в поддержку ЛГБТК-сообщества

    итингінің мақсаты – елдегі ЛГБТК қауымдастығының жағдайын халыққа жеткізу, деді Елкеев. Оның айтуынша, қатысушылар адамның өз пікірін бейбіт жолмен білдіруге рұқсат ететін конституциялық құқықты пайдаланғысы келеді.

    Карточка электронного заявления в акимат Алматы о проведении митинга в поддержку ЛГБТК-сообщества

    ПРЕДОСТАВЛЕНО А. ЕЛЬКЕЕВЫМЛГБТК қауымдастығын қолдау мақсатында митинг өткізу туралы Алматы әкімдігіне берілген электронды өтініштің карточкасы

    Ол Конституцияның 32-бабы (азаматтар бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы) мен 14-баптың 2-тармағын (тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi кемсiтуге болмайды) тілге тиек етті.

    «ЛГБТК қауымдастығының өкілдері қандай қиындықтармен күресіп жүргенін халыққа жеткізгіміз келеді. Біз өзгелермен тең құқықты Қазақстан азаматтарымыз», — деп атап өтті Елкеев.

    Мысал ретінде ол дәрігерге қаралу мәселесіне тоқталды. Медициналық қызметкерлердің бізге немқұрайлы қарағанын қаламаймыз, дейді ол.

    «Біздің заңнама бойынша трансгендер адамдар ота жасатуы тиіс, алайда халықаралық норма бойынша сондай процедурадан өту міндетті емес. Бұл адамды азаптаумен бірдей», — деп пікір білдірді белсенді.

    Митинг өткізу туралы хабар таған бойда қауымдастық өкіліне түрлі қоқан-лоққы көрсетіліп, жағымсыз пікірлер айтыла бастаған көрінеді. Белсенді құзырлы органдарға шағым түсірмек, себебі біреудің ар-намысына тиетіндер жазалануы тиіс*.

    «Бір жігіт маған бензин құюдың өзі аз деп жазды. Тағы біреу: «Өле қал», — депті. Мұндайды елемеуге тырысамын. Дегенмен жеке атыма жазып, достарыма тиіскені жүйкемді жұқартады. Жұрттың неге олай істейтінін түсінбеймін», — дейді ол.

    Митинг өткізу туралы өтініш жазу, оның айтуынша, билік өкілдерімен диалог құруға бастайтын алғашқы қадам.

    Әкімдіктегілер не дейді?

    Елорда әкімдігі белсендінің атынан өтініш түскенін растады.

    «Азамат Елкеев 2019 жылдың 22 тамызында Қазақстандағы ЛГБТК қауымдастығының заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған митинг өткізу үшін өтініш берді, қазір оны жергілікті атқару органы қарап жатыр», — деп мәлімет берді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

    Нұр-Сұлтанда митинг өткізетін жер Пушкин көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы сквер деп көрсетілген, ал Алматыда – «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы сквер. Өтініште екі күн — 30 тамыз және 8 қыркүйек жазылыпты, қатысушылардың алдын ала саны: әр қаладан мың адам.

    «Қатысушылардың ЛГБТК қауымдастығының өкілі болуы міндетті емес. Нақты осынша адам болады деп айта алмаймыз. Бұл жоспар ғана, одан аз болуы да мүмкін», — деп атап өтті Елкеев.

    *Қылмыстық кодекстің 131-бабы. Қорлау

    1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту –

    жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

    2. Көпшiлiк алдында, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сондай іс-әрекет –

    екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

    қатысты посттар

    Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

    Фариза

    «Вова ағайды көмекке шақыратын» радио жүргізушісіне полиция хабарласпаған

    Фариза

    «Lux сиськалар» — Алматы көшелерінен жезөкшелерді қуған әкім аялдамадағы жарнаманы көрмей қалды ма?

    Пікір қалдыру

    17 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.