-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Әке атансаңыз, оның несі айып?» 82 жастағы белгілі халық әртісі кімге үйленгені белгілі болды (видео)

    Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады. Бұл жайында qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    «Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін», — деді тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.

    Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ол Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген. 2015 жылы «Жүрекжарды» авторлық бағдарламасы үшін «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

    Үйлену тойында Жадыра Сейдеш құдай қосқан қосағына жүрекжарды тілегін жеткізді. Видеосын әлеуметтік желіде тележүргізушінің бұрынғы әріптестерінің бірі жариялаған.

    «Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан енді еш уақытта ауырып, мен қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы, асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбыл жәкемнің жасынан асыңыз. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді, сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын», — деді қалыңдық Нұрғали Нүсіпжановтың қолынан ұстап тұрып.

    Сондай-ақ Жадыра халық әртісіне ұрпақ сыйлағысы келетінін де айтты.

    «Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалуы керек. Алладан сіздің қолыңыздан ұстап тұрып, бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп, өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашан да мен сізді арқа тұтып, сіз мені медеу етіңіз», — деп сөзін аяқтады ол.

    Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол — Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

    Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінің есімі – Айгүл. Олар Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар атты бес бала тәрбиелеп өсірген.

    қатысты посттар

    «Жиіркенемін»: Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

    Фариза

    «Сүймесең, қызға тиіспеуің керек еді!»: Саят Әбенов науқас баласын тастап кетті дегендерге жауап берді

    Фариза

    Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шығарылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.