7 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    “Тым қатты мақтанып кеттің” Қайрат Нұртас елге несімен жақпай қалды?

    Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген әнші Қайрат Нұртас сынның астында қалды. Оған тікұшаққа отырған сәтінің видеосы себеп болған, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агентттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

    Әнші видеода пилотпен амандасып, тікұшаққа отырған. Алайда бұл оның желідегі оқырмандарына ұнамай қалған. “Ассалаумағалейкум, ағаларым-ай рахмет!”, – деп жариялаған видеосынан кейін оқырмандары оны мақтанып жатыр деп ойлаған. 

    https://www.instagram.com/p/B1lzkSzHW5X/?utm_source=ig_web_copy_link

    Әншінің оқырмандары оны мақтанып жатыр деп сынап тастаған.

    “Тым қатты мақтанып кеттің”, “Бөтен елдің адамына жабыса амандасасың, қазақтың танымайтын азаматына осылай амадасар ма едің?”, “Неге сонша мактаншак болып кеткенсин” дейді әншінің оқырмандары (орфографиясы сақталған). 

    Алайда әншіге қолдау сөздерін жазған оқырмандары да табылды. “Саған бәрі жарасады Қайрош”, “Тіл-көзден аман болыңыз” дейді әншінің жанкүйерлері.

    Айта кетейік, Қайрат Нұртас 24 тамызда “Ашуыма тиме” атты әнінің тұсауын кескен. “Сүйіктілеріңіздің ашуына тие бермеңіздер деймін. Ал менен су жаңа әнді қабыл алыңыздар”, – деп жазба қалдырған әнші. 

    Әншінің оқырмандары әнді бірден жақсы қабылдап, өз пікірлерін жазған. Алайда әнді басқа әнші Руслан Сұлтанға тиесілі екенін айтып, сынағандар да болды. 

    “Хит қой шықпай жатып”, “Өте керемет шыққан, жаңа ғана ютуб каналдан отбасымызбен тыңдап тастағансың ғой” дейді әншінің оқырмандары.

    қатысты посттар

    Бір арнада “Қалаулым”, бір арнада “Өз ойым”. Бұл не сұмдық?

    “Данагүл Тасованы енді алаңға шығарып дүре соғамыз” – депутат Әлімжанов

    “Мен көшедегі жезөкше емеспін” – төсін жалаңаштаған экс депутат өз қылығын түсіндірді

    Пікір қалдыру

    20 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.