Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Неге қазақтың сұлу қызы шетелдіктің жанында жалаңаш отыр»

    Танымал қазақстандық әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде жариялаған суреті жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жанар Дұғалова Instagram-дағы жеке парақшасында қара нәсілді жігітпен түскен суретпен бөліскен.

    «Джозайя досымның өнеріне қатты тәнтімін. Ойнамайтын аспабы жоқ. Бұл дарынды баладан үйренерім көп екен», — деп жазған әнші.

    Бірақ бұл сурет желі қолданушыларының ашуын тудырған секілді. «Мына отырысы қазақ жігіттерінің намысына тиетінін түсіне ме екен?», «Неге қазақтың сұлу қызы шетелдіктің жанында жалаңаш отырып алып, оны мақтап отыр?», «Қазақ қызы, намыс қайда? Ұят қайда? Ар қайда?», «Жанар, сенің өнеріңді сыйлаймын, бірақ басқа ұлттың алдында бұлай отырмашы. Қазақ қыздары намысты болсын!», «Жабық киім киюге болмай ма?» деген пікірлер жазып қалдырған. Дегенмен, әншіге қолдау білдіргендер де бар. Олар жұрттың мұндай сөздеріне мән бермей, өнерімен әрі қарай қуанта беруін сұраған.

    https://www.instagram.com/p/B1Y-fYpnswW/?igshid=kv6t5tioln1c

    қатысты посттар

    Яссауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

    Ахметбек Нұрсила: Отандық жұлдыздар — халықты топастандыратын шегірткелер

    Фариза

    «Сенің ақылыңды сұраған жоқпыз» Қанат Айтпаев Нұртас Адамбайға жауап қайтарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.