-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    «Милиция сақалдыларды жинап әкетті»

    Өзбек милициясы Ташкент базарынан сақалды бірнеше ер адамды ұстап әкеткен. Милиция бөлімшесінен ол азаматтарды сақалын қырып тастаған соң босатқан. Ташкент ішкі істер басқармасы «сақал күзеудің» себебін айтудан бас тартты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    «МИЛИЦИЯ САҚАЛДЫЛАРДЫ ЖИНАП ӘКЕТТІ»

    Ташкенттегі «Малика» базарында тұрмыстық техника сататын кәсіпкер Азаттықтың Өзбек қызметіне тамыздың 23-і күні милиция өзін басқа ондаған ер адаммен қоса базардан әкеткенін айтып берді.

    — Рейдті түстен кейін бастады. Милиция формасындағы және жай киімдегі адамдар сақалы бар ер азаматты шетінен ұстап, Ташкент ішкі істер басқармасының 4-бөліміне апарды. Ұсталғандардың арасында өзім де болдым. Ол жерде бізді түрмеге отырғызамыз деп қорқытты. Милиция қызметкерлері: «Егер сақалыңды қырмасаң бұл жерден шықпайсың» деп қоқан-лоқы жасады. Сақалын алуға келіскендерді босатып, қарсылық көрсеткендерді милиция бөлімінде қалдырды, — деді аты-жөнін жарияламауды өтінген кәсіпкер.

    «Малика» базарындағы милиция рейді жайлы Facebook-тегі парақшасында қолданушы Жамолиддин Мухаммаджон да жазды.

    — «Малика» базарынан шығып келе жатқанымда өзін таныстырмаған милиция киіміндегі адамдар мені ұстап, қалалық милиция басқармасының 4-бөліміне жеткізді. Оған кіреберісте ұзын-сонар кезекте кілең сақалды ер азаматтар тұрғанын көрдім. Сақал туралы әңгіме болатынын бірден ұқтым. Іште де кезек бар екен. Ол жерде ұсталғандардың жеке деректерін жазып, суретке түсіріп жатты. Мені де суретке түсірді. Келесі кабинетте бізбен «әңгіме» өткізді. Ол жерде маған сақалыңды қыруға міндеттісің деді, мен, әрине, келіспедім. Сосын өзін таныстырудан бас тартқан милиция қызметкері сақалымды алмайынша бұл жерден шығармайтынын мәлімдеді. Мен оған: «Сақалға тыйым салатын заңды көрсетіңізші, сонда мен бұйрығыңызға көнейін» дедім. Бірақ олар маған сақалға тыйым салатын заң я басқа құжат көрсеткен жоқ» деп жазған Жамолиддин Мухаммаджон.

    Жамолиддин Мухаммаджон мен милицияның пәрменімен сақалдан айырылған басқа азаматтар Ташкент ішкі істер басқармасынан сақалды мәжбүрлеп қырғызу туралы бұйрыққа байланысты ресми түсініктеме талап еткен.

    Озодлик редакциясы «сақал мәселесіне» байланысты Ташкент ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Азаттық тілшісінің сұрағын естіген соң баспасөз қызметкері телефонды қоя салды. Журналист тағы бірнеше рет қоңырау шалғанымен телефон тұтқасын ешкім алмады.

    Бақылаушылар милиция қызметкерлері азаматтардың сақалын алуға мәжбүрлеп, олардың құқығын көпе-көрнеу бұзды деп санайды. Милицияның базардағы «сақал жорығы» мен оның салдарын әлеуметтік желіде қызу талқылаған қолданушылар билік өкілдерінің қылығын сөкті.

    Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері де милицияның іс-әрекетімен келіспейді.

    — Азаматтарға сақал қойғанына бола қысым көрсету – заңға қайшы, — дейді діни басқарма өкілі.

    Бұған дейін Озодлик радиосының дерек көздері соңғы уақытта Өзбекстанда тіпті болмашы сақал қойған жас студенттерді сабаққа кіргізбей жатқанын, ал көшеде я базарда кездескен сақалды жігіттерді ұстап, милиция бөлімшесіне әкететінін айтқан. Өткен аптада Азаттық Ферғанаға қала басшысына инвестициялық жоба көрсетуге барған ташкенттік кәсіпкерді сақалына бола әкімшілік ғимаратына кіргізбей қойғаны туралы хабарлаған.

    2017 жылы Қоқан қаласының орталық базарына хиджаб киген әйелдер мен ақ тақия киген ер адамдардың кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған.

    Ал 2016 жылы Бұхарада сақалы бар жанкүйерлерді стадионға кіргізбей қойған. Есік аузында тұрған милиция қызметкерлері оларды «сақалыңды қырған соң кел» деп кері қайтарған.

    ЖИЫРМА ЖЫЛҒА ЖАЛҒАСҚАН НАУҚАН

    Өзбекстанда «сақалға қарсы науқан» осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын, билікте Ислам Каримов отырған кезде басталған еді. 1999 жылы Өзбекстанда үкімет ғимараттарын нысана еткен бірнеше жарылыстан кейін билік қоғамдық орындарда сақал қойып және хиджаб тағып жүруге тыйым салынған.

    Каримов қайтыс болған соң билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін бақылаушылар өзбек қоғамындағы «аздаған жылымық» нышаны туралы айта бастаған. Мысалы, мешіттерде азан шақыруға арналған микрофондар қайта пайда болды. Каримовтың билігі тұсында оларға тыйым салынған болатын. Дінге байланысты баптар бойынша сотталған мың жарымнан астам адам түрмеден босап шыққан, сонымен бірге, діни көзқарасына байланысты «қара тізімге» енгізілген 16 мыңға жуық адамға баяғыдағыдай шетелге шығуына рұқсат етілген.

    Өзбекстан президенті Ислам Каримов Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шарада билеп жүр. Оның сол жағында тұрған - сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияев. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.
    Өзбекстан президенті Ислам Каримов Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шарада билеп жүр. Оның сол жағында тұрған — сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияев. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.

    2019 жылы АҚШ көп уақыттан бері алғаш рет Өзбекстанды дін еркіндігін басып-жаншитын елдер тізімінен алып тастады. Маусымның 21-і күні Вашингтонда әлемдегі дін бостандығының ахуалы туралы баяндаманы таныстырған кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ресми Ташкенттің іс-әрекетінде өзгеріс барын айрықша атап өткен. Помпео: «Өзбекстанда әлі үлкен жұмыстар атқару қажет, алайда ол [Өзбекстан] 13 жылдың ішінде алғаш рет ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер қатарында жоқ» деп мәлімдеген.

    Сонымен бірге мемлекеттік департаменттің есебінде прогресс байқалатындығына қарамастан Өзбекстанда діни еркіндікке әлі де қысым жасалатыны айтылған.

    Вашингтондағы Pew Research зерттеу орталығының (саяси партияларға тәуелді емес бұл ұйым қоғамды АҚШ пен әлемдегі проблемалар мен тенденциялар жайлы хабардар етіп отырады) биылғы шілдеде жариялаған есебіндеӨзбекстанды дін еркіндігін едәуір шектейтін елдер қатарына жатқызған. Ал дін бостандығын қатты шектейтін мемлекеттер тізімінде Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы мен Түркіменстан тұр.

    қатысты посттар

    Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні болуы мүмкін

    Фариза

    Белгілі себеппен ораза ұстай алмаған адамдар фидия садақасын төлеу керек

    Фариза

    VII ғасыр бұрын коронавирус хадисте «ақ өлім» деп көрсетілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.