-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бердібек Сапарбаев: Екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады

    Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады деп санайды. Тек ол үшін жұмыс істеу керек. Бұл туралы ол елордада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Екі сиыр төңірегіндегі әңгіме Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін туындаған еді. Сол жолы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаятындарды сынаған болатын. Елбасы көмек сұрай беретіндерге «екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра» деп кеңес берді.

    Бүгін астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ашылуында журналистер Бердібек Сапарбаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.  

    «Еңбек етсеңіз, күн көруге болады. Бәріміз де, негізінен, ауылдан шықтық қой. Бір сиырмен де, екі сиырмен де күн көруге болады. Бірақ ол үшін сиырға да жағдай жасау керек», — деді вице-премьер.

    Ол әңгіме екі сиыр да емес, халықтың жұмыс істеуінде екенін айтты.  

    «Ешкім ешкімге жем-шөпті әкеп бермейді. Құдайға шүкір, біздің жеріміз де, шөбіміз де, суымыз да жеткілікті. Тек әрекет жасау керек. Ол сиырға жем-суын дер кезінде берсең, ең кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сол сүттің 2-3 литрі өзіңнің қажетіңе кетсе, қалғанынан май да, құрт та, қатық та, қаймақ та шығады. Әңгіме екі сиырда емес. Әңгіме халықтың жұмыс істеуінде. Өйтпесек болмайды, ағайындар!», — деді Сапарбаев.

    Осы орайда үкімет басшысының орынбасары он екі мүшесі сау адамдарды жұмыс істеуге шақырды.

    «Әсіресе балаларымызды еңбекке баулуымыз керек. Әсіресе, ауыл балаларын», — деді ол.

    қатысты посттар

    «Арызыңды жаз да, бар» Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарына жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етті

    Фариза

    Президент коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеуін тапсырды

    Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ — Тоқаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.