-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Адамзат дәрежесінен сызылған тірі өлік…» Педофил деген кім?

    Педофиль деген кім?
    Педофиль деген дебила, ауру! Ең басы дәрет-ғұсылсыз, бисмилләсіз әке-шешесінің шайтани жыныстық қатынасынан түзілетін ұрықтан болған қаныпезер адам! Өмірде өз орнына қалана алмаған жаман кірпіш! Мектепте де, өз ортасында да беделі кеткен адам! Өзінің жаман қылықтарымен шеттетіліп «адамзат» дәрежесінен сызылған тірі өлік! Оның қоршаған орта мен қоғамға тигізер зияны өте зор! Миы ауытқыған ондай ауру адамдарды қоғамнан оқшаулап алшақ ұстау керек! Ғалымдардың зерттеуі бойынша педофильдер тұйық келеді, жалғыз-жарым жүреді, көпшілік ортаны жақтырмайды. Зымиян ойларын ішіне мықты сақтайды. Жоспар құрумен жүреді. Сол зымияндығын пайдаланып кететін уақыт пен мүмкіндікті үнемі күтумен жүреді. Және сол жымысқылығын орындамай олардың көңілдері көншімейді. Педофильдің санасы ешуақытта өзгермейді, оларды емдеу бекершілік, оны тек көр түзейді! Педофильдің іс-әрекеті хайуаннан төмен дәрежеде болады. Олар үшін жас-шекара, туыстық қатынас, еркек-ұрғашы, нәсіл секілді нәрселер жат! Көзі қарауытқан күнәһәр діттеген мүддесіне жетуді ғана мақсат тұтады. Қазақстанда оларды өлім жазасына кесуге немесе тасағын кесіп тастауға рұқсат жоқ! Демек, бар болғаны соттайды, ал олар жазасын өтеп кеп бостандыққа қайта оралғасын әуелгі ауруын қайта жалғастырады. Себебі, олар айықпас дерт, сауықпас кесел! Ендігі оның тырнағына кім ілінері, ендігі жемтігі кім болары белгісіз. Олар ең қауіпті адамдар санатында. Мұндай қоғам дертімен ел-халық болып күресу қажет!
    * * * 
    Попытка
    Попытка, яғни әрекет жасау, жасап көру. Е.Сабытаевтың ісін «попыткаға» жатқызған. Демек, бұлардың ойынша 62 дегі Е.Сабытаев өзінен 55 жас кіші 7 жасар Айшаны зорлауға попытка жасап көріпті. Қалайша? Оны бізге тарқатып түсіндіріп берер біреу бар ма? Е.Сабатаевтың Түркістанова Айшаға попытка жасағанын қалай дәлелдеп бере алады? Попытка деген – әрекетін жасады, бірақ белгілі бір себептермен ойындағысын жүзеге асыра алмады болу керек. Е.Сабытаевқа жабылған жалаға келсек, алғашында жәбірленуші қыз белгісіз біреудің дайындап берген мәтіні бойынша: «Маған сүйісейік деді, аузынан арақ исі шықты, сосын шалбарымды жартылай шешті, кейін тәнін маған тықты, солайша сіңіліме де жасады» деген. Еш негізсіз, еш ақылға симайтын нәрсе. Е.Сабытаев қыз айтқандай мас болса, РОВД айтқандай педофиль болса, айналада көріп тұрған еш куә болмаса, біреу әдейі видеоға түсіріп тұрмаса, арашалаушы біреу килігіп жатпаса, онда Е.Сабытаев дегенін жасап тастамай ма? Басы жасамайтын мас адам тышқандай қыздан «сүйісейік» деп иба сақтап рұқсат сұрай ма? Қыз айтқандай сіңлісін де зорласа, онда сіңлісі туралы неге ешкім жақ ашпайды? Сотта жәбірленуші ретінде сіңлісі де бірнәрсе айтуы керек емес пе? Бұл – алғашында кішкентай қызды арнайы біреу дайындағанына дәлел! Кейін қыз сотта: «Мен қателестім, бұл ата емес» деп сөз бағытын өзгертеді. Қыздың шешесі де «маған айтумен арыз жаздырды» деп, кейін арызын қайтып алуға прокуратураға шағым жолдайды. Көп кешікпей тергеуші Исабек Жоламанның Е.Сабытаевты алдап хат жаздырғаны белгілі болады. Бұның бәрі қайткенде де Е.Сабытаевты қылмыскер етіп шығаруға дайындаған әрекеттері еді. Құзырлы орын қызметкерлерінің өздері Е.Сабытаевты кінәлі етіп шығаруға попытка жасап жүрген. Ал енді, Е.Сабытаевтікін попыткаға жатқызу үшін құрығанда мынандай нәрселер орын алуы тиіс еді ғой: 
    Қызды қорқытып немесе алдап, болмасына қарамай күштеп, дауысын шығармай аузын басып, қылғындырып, зорлап, қол-аяғын жібермей қысып ұстап немесе матап байлап тастап, енді дегенін жасай бергенде кенет біреу келіп қалып, біреу оқыс көріп қалып, айқайлап, ысқырып, боқтап, сөйлеп, көмекке ұмтылып, айналасына дабыл қағып ескертіп, тиесілі жерлерге қоңырау шалып кедергі келтіру керек. Кейін қылмыскер ойындағысын жүзеге асыра алмай қашып кетсе әңгіме басқа. Попытка деген сол, «егер қандай ма бір кедергі болмағанда қылмыскер ойындағысын жасайтын еді» деуге сол кезде ғана толықтай негіз болар еді. Енді сұраңдар, қызды алдады ма қорқытты ма? Күштеді ме, зорлады ма? Киімін күшпен шешіп кедергі келтірмеуі үшін қолымен аузын басып, қылғындырып, қол-аяғын байлап тастады ма? Сол кезде біреу-міреу көрді ме, естіді ме, көмекке келді ме? Сенің әрекетің қандай болды, айқайладың ба, жыладың ба, қашуға әрекеттеніп жұлқындың ба? Қашып кеткен бойда неге бірден әке-шешеңе айтып оқиға болған жерге ертіп келмедің? Неге бірден дабыл қағып 102 нөміріне қоңырау шалмадыңдар? Неге жедел жәрдем шақыртпадыңдар? Ізді суытпай қылмыскерді ыссы күйінде бірден оқиға орын алған жерден құрықтау керек еді ғой. Қарға тамырлы қазақ, айнала көрші-көлем ел-халық қайда? Көрдіңдер ғой, бұның бәрі далбаса, арнайы жағылған қара күйе! 
    * * *
    Қарапайым жан мен педофильдің айырмасы
    Ал енді, қазіргі таңда күдікті ретінде Атырауда СИЗО да жатқан 62 жастағы Е.Сабытаевты педофильизммен айыптауға, ҚР ҚК 124 бабының 1 тармағымен қылмыстық іс қозғауға негіз бар ма? Бұл жерде Е.Сабытаев жазықсыз отыр. Е.Сабытаевқа жала жабылып отыр. Әдейі ұйымдастырғаны, қасақана құрған тор екені белгілі бола бастады. Бұл шен көтеру мен ақша жасау үшін бәзбіреулердің әдейі ойлап тапқан тұзағы! 
    Пайғамбар жасына жақындағанда пендеге мұндай жала жабылуы үлкен қасырет! Е.Сабытаев ұл-қыз өсіріп отырған, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аяулы әке, 5-6 немересі бар ардақты ата! Ағайын-тума, дос-жаран, құда-жекжат, көрші-қолаң, ұжымдастар арасында абыройлы азамат! Мынандай алмағайып кезеңде бір үйде, бір шаңырақта 3 келін ұстап отырған ауызбірлігі мол жан! Немерелерін мейірлене айналып-толғанып, маңдайларынан емірене сүйіп, кішкентай сәбилері үшін жаны шығып отқа да түсуге даяр қария педофиль бола ала ма? Е.Сабытаев көпшіл, үкімет қарамағында жұмыста, ортасы көп, айналасына беделді, аңқылдаған, қалбалақтаған мейірімді жан! Қарапайым мейірімді жан мен педофильдің арасы жер мен көктей. Е.Сабытаевтың бойында педофильдің жарты жұрнағы да жоқ. Өмірдегі ең жаман нәрсе жазықсыз күю! Сондықтанда, ел-халық жазықсыз қамауда отырған Е.Сабытаевты босатуын талап етеді!
    Соны емес…

    Жазба Анна Досетаеваның Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Адам ағзасына ең пайдалы сусындар

    «Тоқаев VS Қосанов» — Белгілі кәсіпкер таңдаудың 4 жолын көрсетті

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Пікір қалдыру

    9 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.