1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Фотосурет

    «Арыстың бүгінгі көрінісі» Арыс қаласын қалпына келтіруге уәде еткен басшылық сөзінде тұра алды ма? (фото)

    Маусымның 24 күні  Түркістан облысының Арыс қаласында қару-жарақ сақталған қоймадан от шығып, ондағы оқ-дәрілердің 70 пайызы атылып, қалаға едәуір зиянын тигізген болатын. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, үйлер мен ғимараттардың жарамсыз күйге қалғанын бәріміз білеміз. Билік жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек беріп, олардың үйлерін қалпына келтіру жұмыстарын жарылыстан кейін 4 күннен кейін-ақ бастап кеткен болатын. Ендеше, Арыстың бүгінгі күніне көз жүгіртіп көрейік.

    Арыс тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар қаласы. Ал бұл ғимарат сол теміржолдың вокзалы. Жарылыстан бұрын вокзалдың көрінісі дәл осындай болған.

    Ал дәл қазір бұл аймақта құрылыс жүріп, вокзалды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Әл-Фараби атындағы алаң. Сондай-ақ бұл жерде қаланың әкімшілік ғимараты, жастар алаңы және мәдениет үйі орналасқан.

    Бұл жерде де  күрделі құрылыс жұмыстары әлі бітпеген

    Мәдениет үйі

    12 тамыз күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен Арыс қаласында брифинг өткен болатын. Аталған брифингте вице-министр үйлер құрылысынң 90 пайызы аяқталғанын мәлімдеген болатын. Ендеше тұрғын үйлерге де назар аударайық:

    Қала тұрғындары өкіметтің көрсетіп жатқан көмегіне ризашылықтарын білдіреді. Дегенмен, құрылыс жұмыстары аяқталып қалды дегенмен де келіспейді. Себебі, қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жылдамдату үшін қаланы әр аймаққа бөлгендіктен қиындықтардың да, шағымдардың да болатыны қалыпты жайт. Тіпті, аптап ыстыққа шыдамай кетіп қалып жатқан құрылысшылар да бар екен.

    Қала басшылығы мектеп құрылыстарын тамыз айының аяғында аяқтап, оқу жылына дайын қылып беруге уәде еткен.

    Басшылық алдағы уақытта Арыс қаласын бұрынғы қалпынан да гүлдендіруді қолға алып отыр. Соған сәйкес Арыс қаласының қақпасын салмақ. Тіпті оның алғашқы кірпішін де қалап, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.

    Жоспар бойынша қаланың алдағы көрінісі

    Дайындаған: Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Балаларына 5 жұмыртқа ұрлап алған әйелге офицер күтпеген әрекет жасады

    Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

    Денис

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Денис

    Пікір қалдыру

    13 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.