Воскресенье, 27 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Сапарбаевтың орнына Ғабидолла Әбдірахымов келе ме?

    Көптен бері көрінбей кеткен Ғабидолла Әбдірахымов министрлікке қызметке келуі мүмкін деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

    Бүгін ғана Бердібек Сапарбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босап, үкімет басшысы Асқар Маминнің орынбасары болып тағайындалған болатын.

    Ал әлеуметтік мәселелерді үйлестіретін орган — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жылы орны бос тұр. Бейресми деректерге қарағанда, бұл орынға Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың келуі мүмкін деген сыбыс бар. Ал ресми ақпарат жақын арада жарық көрмек.

    Ғабидолла Әбдірахымов әкім қызметінен босаса да, мемлекеттік қызметте қалатынын айтып, алайда қандай қызметке баруы мүмкін екендігі жайлы тіс жармаған еді.

    қатысты посттар

    Зайсандағы жағдай: «Қит етсе, әскерді тасығанды қою керек»

    Еуразиялық Одақ шарттарын орындамаған Ресейге Қазақстан жауап берді

    «Уақытша ғана нәрсе екен…» — Тоқаев өз ойын ашық білдірді (видео)

    Пікір қалдыру

    14 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.