Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті

    Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», — деп жазылған Тоқаевтың жарлығында.

    Бұған дейін вице-премьер қызметін Гүлшара Әбдіқалықова атқарған болатын. Ол депутат мандатын алды.

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смайылов. Үкімет басшысының тағы бір орынбасары — Жеңіс Қасымбек.

    Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?

    Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

    Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.

    2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.

    қатысты посттар

    Батыс өңірінде 12 елді мекен, 52 көше атауы өзгертілді

    Фариза

    Тоқаев Қордайдағы қырғын үшін Жамбыл облысындағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырды

    Фариза

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    Пікір қалдыру

    nine + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.