11.3 C
Алматы
Пятница, 11 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Екі оқушы сыныптас қызды қорқытып, зорлап, болған жайтты видеоға түсіріп бопсалаған

    Не істерін білмей, әбден тығырыққа тірелген бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болған. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкенттің мамандандырылған қылмыстық соты 17 жастағы екі бозбалаға қатысты істі қарауды аяқтады.

    Белгілі болғандай, екі оқушы сыныптас қызды қорқытып, зорлап, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Біраз күн өткен соң зорлықшылар бойжеткенді бопсалап, ауызбастырық үшін ақша, компьютер және ұялы телефон талап етеді.

    Қыз телефонын бергенімен, сыныптастарының басқа талабын орындай алмайды. Екі дос видеоны интернетте жариялаймыз деп қорқыта бастаған. Не істерін білмей, қатты қиналған бойжеткен үйінде тамырын кесіп, өз-өзіне қол салмақ болыпты. Абырой болғанда, сол сәтте қыздың анасы үйге оралған. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, анасы полицияға арыз жазады.

    Сотталушылар кінәсін мойындамай қойса да, сот оларды айыпты деп таныды. Кәмелеттік жасқа толмағандықтан, әрқайсысы бес жыл жаза мерзіміне кесілген. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласының дәріханаларына 400 қорап дәрілік заттар жеткізілді

    Фариза

    Айтыскер ақын Ханша Раисова өмірден өтті

    Фариза

    Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түрмедегілерге рақымшылық жасалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.