-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сағынтаев қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге байланысты мәлімдеме жасады

    Альпинист Александр Чечулин Жеңіс шыңында өкпе қабынуынан көз жұмды. Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев 6 600 метр биіктікте қиын жағдайда қалып отыр

    Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге тікұшақпен құтқарушы топ жіберілді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, Қазақстанның ішкі істер министрлігі іздеу-құтқару жұмыстарын бастаған.

    https://www.instagram.com/p/B1VOOuUh05X/?utm_source=ig_web_copy_link

    «Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинист із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ-мен жұмысты үйлестірудеміз. Ішкі істер министрлігі іздеу-құтқару жұмыстарын бастады», — деп жазды қала әкімі.

    Айтуынша, Хантәңірі тауынан іздестіру орнына тікұшақпен тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ жіберілген. Қиындығы сол, тікұшақ тек 4500 метр биіктікке ғана көтеріле алады. Одан әрі қарай оқиға орнында іздестіру тобы мен еріктілер жұмыс істейді.

    «Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», — деп жазды Сағынтаев.

    Бұған дейін альпинист Мұрат Өтепбаевтың қызы Айгүл әлеуметтік желіде пост жариялап, қазақстандықтардан көмек сұраған еді.

    Өтепбаев – альпинизмде 13 жылдық өтілі бар спорт шеберіне кандидат, Alpine Asia Team бапкері, төрт баланың әкесі.

    Хабарланғандай, үш альпинист Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин шамамен 6 600 метр биіктікте Жеңіс шыңында қар құрсауында қалған. Чечулин өкпе қабынуынан көз жұмды.

    «Қолайсыз ауа райы мен құрал-жабдықтың болмауынан альпинистер базалық лагерьге уақытында түсе алмаған. Тірі қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев байланысқа шыға алмай отыр», — деп жазды Айгүл.

    Айтуынша, жексенбі күні Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің бір топ құтқарушысы МИ-8 тікұшағымен оқиға орнына барған. Алайда ауа райына байланысты іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болыпты.

    Қазақстанның төтенше жағдай комитеті хабарлағандай, тау жақта бүгін де қар жауып тұр.

    «Құтқару тобының құрамында капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов, топ басшысы – аға лейтенант Василий Пивцов бар. Қазақстандық әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік әзірлікте тұр», — деп нақтылады қорғаныс министрлігінен.  

    Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тікұшақ бөлген. Құтқарушылар тобы 4400 метр биіктіктегі базалық лагерьге көтеріліп, іздестіру жұмыстарын жүргізбек.

    «Ауа райының қолайсыздығы құтқару операциясын қиындатып жатыр. Жоғалған альпинистерді іздеу үшін тепловизорлар пайдаланылады», — деді әскери ведомствоның баспасөз хатшысы.

    Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, тау шыңында жұмыс істеу үшін осындай ауа райына бейімделген құтқарушыларды жіберу аса маңызды. Бұл операцияға Ресейде альпинизмнен өткен «Эльбрус шеңбері-2019» халықаралық сайысына қатысқан әскерилер жұмылдырылды. Жалпы командалық есепте қазақстандықтар үздік үштіктің құрамына енген еді.

    Еске сала кетсек, қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойды. Александр Чечулин өкпесі қабынып көз жұмған.

    Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғары нүктесіне көтеріліпті.

    Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында альпинистерге тікұшақпен құтқарушы топ жіберілгенін хабарлады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысындағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Қармақшы ауданының 3 ауылы интернетпен қамтылады

    Фариза

    Айыппұл орнына бетперде: Қызылордалық полиция қызметкерлері бетперде таратты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.