-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тері өнеркәсібі түлеп келеді

    Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылында өңірдегі ірі тері зауыттарының бірі саналатын «Ырыс- Бахыт» серіктестігі жұмыс істейді. Бұл кәсіпорында қазіргі таңда 150 адам еңбек етуде. Негізгі бағыт, мал терісін қабылдап одан түрлі тері өнімдерін жасап шығару. Тері зауытының Жамбыл ауылында салынғандығы жергілікті халық үшін пайдалы болды. Себебі, мұнда әр жылдары жұмыс істеген азаматтардың 80 пайызы осы елді мекен тұрғындары болатын. Зауытта қазір үш цех жұмыс істеп тұр. Оларға тігін, өңдеу мен дайын өнімдерін шығару бөлімі жатады. Мұнда тері өнімдерінің бірнеше түрі шығарылады. Ол зауытқа қабылданған күннен бастап, осы цехта жуылады әрі үтікке басылады. Одан кейін тазартылған мал терісі дайын өнімдер шығару бөліміне жіберіледі. Жалпы, теры жуу цехында 9 әйел азаматы жұмыс істейді.Тері цехынан жуылып шыққан терілер кейіннен бөлшектеледі. Сөйтіп, оның бірі аяқ- киім мен күртеше жасау цехына, екіншісі ат әбзелдерін жасау бөліміне түседі. Қазіргі таңда зауыт еліміздің қорғаныс саласында еңбек ететін азаматтарына сапалы сырт және саяқ- киімдер тігеді. Тері зауытындағы ең ірі цехтың ертоқым жасау цехы. Мұнда бір күнде 20 шақты ертоқым дайындалады. Оны жасаушылар сапаға мән беретіндіктерін айтады. Ат әбзелдерін Қазақстанның көкбаршылар клубтары мен аламан бәйгеге қатысатын азаматтар алады. Бұл кәсіпорындағы тағы бір маңызды бөлімнің бірі теріні өңдеп, одан керек- жараққа қолданатын бұйымдар шығару. Мәселен: теріні илеу цехында 7 адам жұмыс істейді. Ол жерден жіптен бастап, түрлі тері бұйымдары шығарылады. Жұмысшылар теріні бұрынғыдай қолмен илемей, арнайы құрылғылармен жүзеге асырады. Бұл зауытқа кезінде мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек болған. Қазір де сол үрдіс жалғасып, тері өндірісін дамыту мықтап қолға алынса екен дейді кәсіпорын басшылығы. Себебі, зауыт ескі болғандықтан ол модернизацияны қажет етеді. Зауыт басшылығы Жамбыл ауылының тұрғындарына да жыл сайын көмектесіп тұрады. Мәселен: зауыт арқасында ауылға мешіт салуға қолқабыс берілсе, газ тартуға да осы өнеркәсіп нысаны себепкер болған. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ауыл әкімдігі мен зауыт басшылығы жақсы қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Жамбыл ауылының жағдайы да қазір жыл өткен сайын жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан жол жөндеуге, балабақша салуға тиісті қаржы да бөлініп отыр. Сондықтан да ауыл халқының жағдайы жақсы. Олардың дені мемлекеттік қызметпен, енді бірі малмен айланысса, қалғандары осы зауытта жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда күніне 100 деген тонна тері мен қой жүнін қабылдайтын Қордай тері зауыты болашақта өнім көлемін еселеп арттырмақшы. Бұл жаңа жұмыс орындары мен бюджетке қосымша түсім береді деген сөз.

    қатысты посттар

    Еңбекші ауданы: Қазығұрт аумағының қариялары қуанышқа кенелді

    Фариза

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды

    Фариза

    Шымкентте орташа жөндеуден өткен ішкі орам жолдар пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.