-3.1 C
Алматы
Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Отбасын сақтау — елдіктің белгісі

    Отбасын сақтау – елдіктің белігісі. Өйткені, қоғамның басты байлығы отбасы. Қоғам отбасыдан тұрады. Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады. Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды деген секілді. Дөстүрлі отбасылық жағдайды дәріптеп, ажырасудың алдын алу үшін өткен жылдан бері Жамбыл облыстық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске асырылып келеді. Енді олар өңірдегі бірнеше мекемемен бірлесіп, «Бастау» шарасын қолға алып отыр. Аталған жұмыс тобы ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысы әкімінің №48 өкімімен құрылған. Ондағы мақсат – ыдырайын деп тұрған отбасын сақтап қалып, жұптардың жарасып кетуіне ықпал ету. «Бастау» жұмыс тобының негізгі міндеті де — отбасы мәселелерін шешуге бағытталған. Олар жанұяны сақтап қалумен қатар, олардың ажырасудағы себеп-салдарына үңіледі. Осы арқылы жұбайларға дұрыс жол сілтеп, кеңестерін береді. Тіпті, жұмыссыз жұптардың екі қолға бір күрек табуына, жас аналардың арнаулы білім алуына, қысқа мерзімді оқуларды игеруіне ықпал етіп, мүмкіндік жасайды. Статитискалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде неке құрушылар саны жылына 8000 ға жуықтаса, ажырасушылар 2500 нан асып жығылады екен. Бұл дегеніңіз, көптеген отбасының ыдырап, жазықсыз сәбилердің тірідей не әкесінен, не шешесінен айрылуын білдірмей ме? «Бастау» тобы жұмысын бастай сала, осындай бір шаңырақтың шаттығын сақтап қалуға септігі тиіпті. Жұмысшы тобының құрамында әлеуметтік сала басшылары, отбасы мәселелерімен айналысатын құрылым өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар мен полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ, облыстық, қалалық, аудандық соттар судьялары да енгізіледі. Өткен жылы облыста жалпы орын алған қылмыс саны – 11379-ды құраса, оның 3842-сі, яғни 34 пайызы әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылық көрінеді.«Бастаудың» кеңесі мен көмегін қажет еткендер әзірге Тараз қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан «Балалар» орталығындағы кеңсеге қайрылуына болады. Бұл жерде жас аналар мен әкелерге белгілі психолог мамандарының көмегі де қарастырылады. Өйткені, кей жағдайда жас отбасылардың өмірдің сәл қиындығына шыдай алмай ажырасып кетіп жататын кездерін де байқауға болады. Жалпы, жас отбасылардың ұрысу дерегі көбіне әлеуметтік жағдайға, қызғаныш пен ата-ананың араласуына байланысты болып жатады. Алайда, мамандар жастарға өмірдің мұндай уақытша қиындығына түсініктікпен қараса аяғы жақсы болады деген кеңес береді.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ОНКОЛОГТАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

    Фариза

    Жамбылдық жас өнертапқыштардың жетістіктері сүйсіндіреді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.