-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Құрбан айт — барша мұсылманның ұлттық мейрамы

    11-ші тамыз күні күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Құрбан айт басталады. Биыл Әулиеата өңірінде ұлық мереке шарапаты мол шараларға толы болды. Бұл күндері көпшілік орындарда дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды. Дастархан жайылып, мұқтаж жандарға тегін ет үлестіріледі. Мешіттердің өзі былтыр 5 мыңнан аса отбасыға ет таратса, биыл одан да көпті қамтыған. Құрбан айт – Бұл ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3- күнге созылатын ұлық мейрам. Бұл күн барша мұсылман қауымы асыға күтетін ең үлкен мереке . Мереке қарсаңында әр адам Аллаға ұнамды амал жасап, сауап жинауға тырысады. Сондай-ақ, әр мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады. Ол 85 грамм алтыннан асатын дәулеті бар адамға парыз болып саналады. Алланы бір пайғамбарды хақ деп санаған әр бір мұсылман үшін ұлық мейрам өңірімізде жылда жоғары деңгейде аталып өтіледі. Облыс мешіттерінде де бұл күнге арналып, арнайы іс – шаралар жоспары бекітілген болатын. Құрбан айт – діни мереке болғанымен халқымыздың салт- сана, тұрмыс тіршілігіне сіңіп кеткен. Тарихи құжаттарға сүйенер болсақ, қазақ жерінде 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген. Хақтың рақым — нұрына бөленіп, мейіріміне кенелу әр мұсылманның арманы екені ақиқат. Құрбандыққа негізінен қой-ешкі, сиыр және түйе шалынады. Ірі қара малды үш немесе жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуға болады. Мал етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарға немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалуына да болады. Есіңізде болсын, құрбандыққа елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар шалынбайды. Бұл күні орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне облыс әкімі Асқар Мырзахметов те арнайы барып, аймақ тұрғындарын қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл жолы да мешітке келушілердің қарасы көп болды. Тек мейрам күндері ғана емес, жай күндері де халық қарасы үзілген емес. Ал, қасиетті күні жиылған көпшілік саны екі есе артты. Жамағатқа мешіт имамы ұлық мерекенің маңызын түсіндіріп, сауаптан құр қалмау керектігін айтты. Сағат таңғы жетіде Алла үйіне жиылған жұрт құбылаға бас бұрып, сап түзеп айт намазын оқыды. Мерекеде аймақ басшысы өңір тұрғындарын құттықтап, жұртшылыққа изгі ниетін жеткізді. Ал, айт намазынан кейін мешіт маңындағы арнайы орында құрбандық шалынды. Сойылған мал еті, мұқтаж жандарға таратылып, үлестірілді. Жалпы мешітте қауышқан мұсылман қауымы мерекелік көңіл күйде жүр. Шарапаты мол шаралар қайырымдылықпен жалғасып, мешіттерде ұлттық спорт ойынарына кезек берілді. Осылайша, маңызды күннен қалмай, мерекенің мерейін арттырған қараша халық Алла үйінің алдынан айттық жеп тарқасты.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

    Фариза

    Бүгінде баспаналы болудың жолы қандай?

    ШЫМКЕНТ: «Абай сөзі» онлайн-оқулары өз мәресіне жетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.