-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сұмдық! Алматыда ер адам тәртіп сақшысын көлігімен сүйреп әкетті

    Алматыда полиция қызметкерлері көлігімен тәртіп сақшысын 200 метр дейін сүйреп әкеткен тәртіп бұзушыны ұстады деп хабарлайд Qazweek.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Есетріңізге сала кетейік, оқиға 11 тамыз күні Алматы қаласы Медеу ауданында шамамен сағат 16:00-де болған. 

    «Luxgen-7» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ЖҚЕ бұзғаны үшін тоқтатылды. Ол полиция қызметкерінің құжаттарын көрсету талаптарына бағынбаған және тергеу орнынан жасырынған. 

    «Сонымен қатар, жүргізушіні патрульдің оны тоқтатуға тырысып, көліктің есігіне ілініп қалғаны да тоқтатқан жоқ. Ер адам керісінше газды қосып, өз қолымен адамды итерді. Нәтижесінде полиция сержанты Руслан Мұқашев оң жақ жауырынын сындырып, оң жақ төбе аймағындағы гематома мен бас миының жарақатын алған. 

    Абырой болғанда қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жеке басын анықтауға және жасырынған жүргізушіні одан әрі ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді. 

    Дегенмен, оның жеке тұлғасы бізге белгілі болды. Бұл И. есімді 1981 жылы туған азамат. Өткен кеште ол ұсталды», — деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

    Полицияда хабарлағандай, ер адам қылмыстық және әкімшілік заңнаманың біреше бабы бойынша айыпталып жатыр. Олар: ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 380-бабы 2-бөлігі және ҚР ӘҚБК 612-бабы 1-бөлігі.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қала күнінде 20 тұрғын жаңа пәтерге ие болды

    Фариза

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жалғасуда

    Фариза

    Қарулы Күштерде 2020 оқу жылы «Әскери қызметтің қауіпсіздік жылы» деп жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.