-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ақшасын еселеймін деп миллионынан айырылды» Алданған тұрғындар шағымдануда

    Миллиардтан аса теңге жоқ. Бір қаржы пирамидасынан мыңдаған адам алданған Қаражатын еселеуді көздегендердің еңселері түсті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    Алматыда қомақты ақшасын пирамидаға құйғандар бармақтарын шайнап қалды. Жылға жетпей жұмыс істеген жобаға тұрғындар миллиардтан астам қаржы аударып үлгерген. Кейбірі тіпті несие алып оңай олжадан қапы қалмауға тырысқан екен. Енді құрылыс компаниямыз бар деп сендірген басшыларынан наурыз айынан бері ешқандай хабар ала алмай отыр.   

    Өткен жылдың мамыр айында «Гроуз оф Капиталз» деп ашылған компанияға бір жылға жетпей мыңдаған адам қаражатын құйып үлгеріпті. Әу баста ұсыныстары көңілдерінен шыққасын қолындағысын еселеуді көздегендер енді қайырымына зәру болып отыр. Соның бірі Жазира Смағұлова. Таныстарынан естіп қаңтар айында банктен несие алып қаражатының барлығын аударып жіберген. Енді кемі 5 жыл бойы банк алдындағы берешегін өтеуі керек. 

    Жазира Смағұлова: — Мен өзіме сенімді болдым. Себебі, мұны маған айтқан таныстарым осы компанияға кезінде тіркеліп, өте жақсы пайызбен ақша алды. Сонымен қатар, олардың қайырымдылық акцияларына қатысатынын да естігенмін. Осылайша, бағымды сынап көруге тырысып несие алдым. Шамамен бір көліктің құны десем болады. Енді қалай қайтарарымды білмеймін.

    Куәгерлердің айтуынша компания басшыларының бірі бұрын соңды дәл осындай пирмамидаға ақша құйып алданғандардың қатарынан болған екен. Сол уақытта қапыда қалтасынан қағылғандардың қайтадан қаражаттарын өсіріп алу үшін осы жобаға салымшы болуға кеңес беріп, үгіттеген. Қазіргі алданғандардың көбісі бір рет қулық әрекеттің арбауына түскендер екен. Ең кемі 100 мың салып ай сайын 55 пайыздан үстемақы береміз дегегендер кейіннен 35 пайызға түсіріп, наурыз айында телефондарын алмай, байланысты үзген екен. Қомақты соммасын салған жұртшылық енді шағымдарын айтып, шет ел асып қашып кетпесе болғаны дейді. Бірақ, құқық қорғау органдары істі бірден қолдарына алдық деп отыр. Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі: — 42 азаматтың арыз-шағымы осы жылдың 1 тамызында Бостандық аудандық ПБ келіп түскен болатын. Ол бірыңғай тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің алаяқтық дерегі бойынша тіркеліп, қазір қылмыстық іс аясында тергеу және шұғыл іздестіру жұмыстары қолға алынды. Төрт күдікті бар. Олардың бірі Түркияның азаматы болып шықты. Қолында түбіртегі бар тұрғындар бұл істің оңай жабылғанын қаламайды. Қомақты қаражатты жымқырғандар әділ жазасын алуы тиіс деп отыр. Ал, құқық қорғау органдары өз кезегінде тұрғындарға оңай ақшаны олжа етемін деп опық жеп қалмауға шақырады.

    қатысты посттар

    Қызылордада ХҚО мамандары 490 азаматты құжаттандырды

    Фариза

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Фариза

    Қызылордада жаңа оқу жылында 243 мектепте қашықтан оқытылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.