Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ұятты дыбыстар шығады» Тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің жезөкшелер ордасына айналғанын айтып шағымдануда (видео)

    Тұрғындардың айтуынша, күн сайын кешке таман пәтерден ұятты дыбыстар мен ыңырсулар естіледі.

    Алматы тұрғындары өздері тұрып жатқан үйдің жезөкшелер ордасына айналып кеткенін айтып, шағымдануда. Олардың сөзінше, бірінші қабаттағы пәтерде жеңіл жүрісті әйелдер тұрып жатыр екен. Кешкілік уақытта ер адамдар да жиілеп келетін көрінеді. Сондай-ақ, ол аздай, үнемі ұятты дауыстар шығады. Тұрғындар тәртіп сақшыларының бәрін біле тұра, ешқандай амал қолданбай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

    Үйдің тұрғындары бірінші қабаттың жезөкшелер ордасына айналып кеткенін сөз етті. Кешкі сағат алтыдан кейін ол үйдің маңайына жолау мүмкін емес. Ең бастысы, адамдар өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтты.

    «Бұл пәтерде үнемі күдікті тұлғалар жүреді. Менің бойжеткен қызым бар. Кейде кешігіп келеді, мен тысқа шығып, оны кіреберістен күтіп алуға мәжбүрмін. Қорқамын», — дейді Айғайша.

    Тұрғындардың айтуынша, күн сайын кешке таман пәтерден ұятты дыбыстар мен ыңырсулар естіледі.

    Олар өздері тергеу жүргізіп, пәтердің ер адамдар арасында сұранысқа ие екенін анықтаған. Сөздерінше, бірнеше айдан бері аталған үйде жеңіл жүрісті алты қыз ер азаматтарды қабылдап жүр.

    «Жезөкшелікпен айналысады. Оларды С. Сейфуллин көшесін алып тастады. Енді қала бойынша тарап кетті. Бізге де маза жоқ. Үнемі ыңырсулар мен дыбыстар.

    Учаскелік полицияға шағымдандық. Ол уақыты жоқ екенін айтып, өз көмекшісін жіберді. Ал ол келіп, өз ісін тындырып, кетіп қалды», — дейді үйдің тұрғыны Клара.

    Тұрғындар енді жоғарғы органдарға арыздануға ниетті.

    Алайда учаскелік полиция барлық кінәні жоққа шығуаруда. Ол жерде орданың жоқ екенін, ақпараттың анықталмағанын айтуда.

    қатысты посттар

    Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көлік нөмірі табылды

    Фариза

    ЯНЫ-КУРГАН — ЖАҢАҚОРҒАН, ЛУГОВАЯ — ТҮРКСІБ, КАЛАГИР — ҚҰЛАЙҒЫР

    Фариза

    ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА 2 ДАНА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ (ИВЛ) АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.