7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    5 қызынан бір күнде айырылып қалған Ситер жанұясында жағымды жаңалық

    Нұр-Сұлтанда жер үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан бір отбасының 5 баласы қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасымен бірге дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырды. Арада бірнеше ай өткеннен кейін Ситер отбасы өрттің қалай болғаны және бүгінгі өмірлері жайында сұхбат берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Youtube арнасында бөлісті. Қыздарынан қапыда айырылып қалған ата-ана әлі күнге дейін балаларының өліміне сене алмай келеді.

    Қазір Ситер отбасы халықтан түскен ақшаға сатып алынған екі бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Олар қайғының орнын толтыру үшін жетімдер үйінен бала асырап алуды жоспарлап отыр. 

    «Жарты жыл өтті. Балаларсыз өмір сүріп жатырмыз. Үлкен қызым сол күні сағат 02:30-да телефонда «Анашым, біз жанып жатырмыз» деді. Мен не болып жатқанын білмей қалдым, бірден барлық туысқандарыма хабарластым. Туысқан сіңіліме айтқанымда, ол «Үй жанып жатыр. Қыздардың дауысы шықпайды» деді. Сөйтіп мен жұмыстан алып-ұшып үйге келгенше барлығы өртеніп кеткен», – дейді ауыр күрсінген Жанымгүл.

    Жанымгүл  келгенінде, ол жердегілер қыздарды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті деген. Айтуынша, таңғы сағат 07:00-ге дейін көлікте тапжылмай қыздарынан хабар күтіпті. Балаларын аман деп ойлаған. Бірақ артынан күйеуі келіп, қыздарынан мәңгіге айырылып қалғанын естіркенде ғана не болғанын білген.

    «Негізі түнде Евгений үйде болатын. Бірақ сол күні жұмысы шығып, шұғыл кетіп қалған. Үлкен қызым маған хабарласып, әкесінің қайтып кетіп қалғанын айтты. Артынша ұйықтаймын деді. Маған қыздарымның қайтыс болып кеткенін ешкім айтқан жоқ. Мен білмедім. Көлікке отырғызып қойды мені. Қыздарымды көремін деп солардың амандығын таңға дейін тілеп  отырдым. Бір уақытта күйеуім олардан айырылып қалғанымызды айтты. Содан кейін ол жерден бізді туысқандарымыз алып кетті. Бірақ біз үшін қыздарымыз әлі де жанымызда сияқты. Өз көзімізбен көрмегеннен кейін солай болар… Мен ол үйге енді бара алмаймын. Аяғым баспайды…», – дейді көзіне жас алған Жанымгүл.

    Евгений мен Жанымгүл кішігірім көлік бекетін жалға алған. Қазір екеуі бірге сол жерде жұмыс істейді. «Енді тек екеуміз бірге боламыз» деген Жанымгүл қайғыларына ортақтасып, қол ұшын созған халыққа алғысын айтты. Сонымен бірге желіде қыздарының өліміне өздерін кінәлап жатқандарға да жауап берді.

    «Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерді оқимын. Адамдар бізді әлі күнге дейін кінәлайды. Бірақ біз еріккеннен жұмыс істеген жоқпыз ғой. Сол үшін бізді түсінуге тырысса екен деймін. Мен ешкімге ренжімеймін. Ең бастысы балалар аман болсын», – дейді көзінің жасын сүрткен Жанымгүл.

    Евгений мен Жанымгүл бір бөлмені ойыншықтарға толтырып қойған. Болашақта сәбилері дүниеге келіп жатса, сол ойнайды дейді.

    Еске сала кетсек, Астанада ақпан айында өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

    қатысты посттар

    Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясы тегін бола ма? Министрлік жауабы

    Фариза

    Қызылорда облысы бойынша эпидахуал жайлы ақпарат алу үшін CALL орталығы ашылды

    Фариза

    Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе поселкесі әкімінің аппаратына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.