-3.1 C
Алматы
Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жантүршігерлік жол апаты 11 адамның өмірін жалмады

    Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза болды. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 әйел және 5 ер адам қаза тапты. 

    ABI агенттігінің хабарлауынша, Боливияда қарама-қарсы бағытта келе жатқан автобус пен жүк машинасы бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан 11 адам тіл тартпай кетті, 2 адам жарақаттанды. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні таңертең болды. Қаза тапқандардың арасында жүкті әйел мен бала да бар. 

    «Құжаттары болмағандықтан қаза тапқандардың басым бөлігінің аты-жөнін анықтау қиынға соғуда», — делінген хабарламада.  

    Жергілікті полиция жол апатының не себепті болғанын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша жүк машинасының жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен немесе мас күйінде көлік жүргізген болуы мүмкін. Жүк машинасының жүргізушісі дін аман. Оны тәртіп сақшылары тергеу изоляторына қамады.

    қатысты посттар

    «Менің өліміме кінәлі адамдар…» — асылып қалған жігіттің өлер алдындағы хаты

    «Ұят болады» 18 жасар қызды МАИ қызметкерлері ұрлап, зорлаған

    Фариза

    «Анализді өтірік қабылдап алып, кеткен соң қоқысқа тастайды» Шымкентте балалар ауруханасының дәрігерлері сұмдық жайттарды мәлімдеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.