-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Баспаналы болудың жолдары қандай?

    Үйі жоқтың – күйі жоқ. Пәтерден – пәтерге көшіп жүрген әр қазақ үшін бір ҮЙГЕ қол жеткізу арман болып — ақ тұр. Баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бірнеше бағдарлама да бар. Дегенмен салынып жатқан үйлердің санымен бірге баспанаға зәру азаматтардың да саны артып келеді. Мәселен, бір ғана Жамбыл облысында 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Оның 18 мыңы Тараздықтар. Мәселен: Аружан өз үйі өлең төсегінің болғанын армандайды. Баласының аузынан жырып, тапқан табысын өзгенің қалтасына салып жүргеніне міне, 3 жылдың жүзі болды. Қазір екі бөлмелі үйдің бір бөлмесін жалға алып отыр. Ендігі мақсаты қалайда мемлекеттік бағдарлама арқылы бір үй алу. Баламыз екеуміз бір апаның үйінің мына бір бөлмесін жалға алып отырмыз. Бағасы 15 мың теңге айына. Өзім бір мейрамханада ыдыс жуамын. Бір бағдарлама туралы естідік. 7-20-25 бағдарламасы өте ыңғайлы екен. Енді сол арқылы құжатымды тапсырып үй алсам деген ойым бар дейді Тараз тұрғыны. Ия, арзан пайызда үй алуға мүмкіндік беретін 7-20-25 бағдарламасынан Аружан сынды жүздеген адам үмітті. Бұл бағдарламаның артықшылығы мынада. Өз атында мүлкі жоқ кез – келген ҚР азаматы 7 пайызбен баспаналы бола алады. Облысымызда қазір 20 кредиттік үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 9 осы тамыз айында беріледі. Сол үйлер 7-20-25 бағдарламасы аясында беріледі. Оның жас отбасыларға, ұстаздарға берер мүмкіншілігі зор болып отыр. Таразда өзге қалалармен салыстырғанда үй бағасы әлдеқайда арзан. Бір бөлмелі пәтер 3 млн теңгеден басталады. Алайда, табысы шай – пұлынан артылмайтын, көпбалалы отбасылар үшін, бұл қаражатты табу әлбетте қиын. Сондықтан, жергілікті билік биылдан қалмай Жамбыл облысында кезекте тұрған 500 отбасыға арендалық жатақхана салып бермек. Оның жалдау құны қымбат болмайды. Тек коммуналдық шығындарын ғана төлейді. Ол шамамен 4-5 мың теңге. Барлық көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың проблемасы толықтай шешіледі деп айта алмаймыз, дегенмен аса мұқтаж отбасылар пәтерден – пәтерге көшіп жүрмейді дейді мердігер компания өкілдері. Мемлекеттік бағдарлама аясында Жамбыл облысының төрт қаласында: Жаңатас, Қаратау, Шу және Таразда 12 арендалық тұрғын – үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл үйлер салынып бітсе, 500 – ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды. Айта кетейік, 7-20-25 бағдарламасынан өзге үй алуға арналған бірнеше жоба бар. Мәселен, «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бағдарламамен әкімдікте кезекте тұрған көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үй ала алады. Пайыздық мөлшері: 2 % ғана. «Өз үйім» — тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылар алады. Пайыздық мөлшері 7 %. Әскери баспана — бұл әскерилерге арналған. Бастапқы 15 %. жарнаны құйса, Жылдық пайыздық мөлшері – 8 % — бен ипотека беріледі екен.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысындағы шағын ғана стансаға газ тартылды

    Фариза

    Жамбыл облысында асыраушы сала алшаң басып келеді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕГІ «НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.