Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Билік өзін қорғау үшін төмен әрекетке барып отыр…» Экс-президенттің қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті

    Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Әлия Шагиева экс президентті қолға түсіру операциясы басталғалы әлеуметтік желіде белсенділік танытуда.  Ол жұрттан әкесіне қолдау көрсетуге көмек сұрады. 

    «Әке… Адал. Батыл. Керемет. Шындық біздің жағымызда! Махаббат заңсыздықтан биік тұрады. Әділдік орнайды… Біз өзіңмен біргеміз!» — деп жазды ол желідегі парақшасында. 

    Сондай-ақ, ол мұның барлығының немен байланысты екенін түсіндіруге тырысты. Айтуынша, басты себеп – әкесінің билікті қатаң сынауы. 

    «Бір жыл бұрын Райым Матраимов билікті сынай беретін болса, «Атамбаевпен күрес жүргізу үшін құралдарының бар екенін» айтқан болатын. Телеарналарда Бакиевтердің кланын қолдап видеороликтер жүріп жатыр екен, Конгантиев ақталыпты, ал билік органдарында бүгінде күйеу бала, құда және кіндік туысқандар (кімдікі екенін жақсы білесіздер)», — деді ол. 

    Әлия Шагиеваның пікірінше, билік әкесінен «куәгерлік» алғысы келмеген, елдегі оппозицияны тұншықтыру үшін осылай жасаған. 

    «Бәрінен сорақысы – биліктің өзін қорғау үшін ең төмен әрекеттерге барып отырғаны: БАҚ-қа менің әкем әйелдер мен балалардың артында тұрып қорғанды деген секілді жалған ақпарат беріп жатыр. Сіздер аурусыздар ма, айтыңыздаршы? Сіздер өздеріңіз арнайы қызметті әкемнің жанында көп адам тұрған кезде жібердіңіздер. Одан да адамдар шын жарақат алып жатқан өздеріңіздің резеңке оқтарыңыз туралы айтып беріңізер!» — деп сөзін аяқтады экс президенттің қызы. 

    Естеріңізге сала кетсек, қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. Бұдан кейін қырғызстандықтан орталық алаңда митингіге шықты. Желіде оларды милиционерлердің қалай таратқаны туралы видео тарады. 

    қатысты посттар

    Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты (видео)

    Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілген жеңілдігімен құнды

    «Данагүл Тасованы енді алаңға шығарып дүре соғамыз» — депутат Әлімжанов

    Пікір қалдыру

    14 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.