Үкіметтің кәсіпкерлік саланы дамытуға қатысты берілген тапсырмалары аудандар да қалай іске асырылуда? «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша елді-мекендерде неше кәсіпкер жеңілдетілген несие алды? «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының басталғанына биыл үшінші жыл. Аты айтып тұрғандай бағдарламаның басты міндеті халықты тек еңбекпен қамту ғана емес, еңбек нарығының тиімділігін арттыру. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған тетікте осы мақсатты көздейді. Мәселен, Меркідегі «Айсұлу» деп аталатын серіктестік осы бағдарлама арқылы 40 тұрғынға қысқа мерзімде техникалық мамандықтарды оқытып, сертификат табыс етті. 10 тігінші, 15 азпаз, 15 сұлулық мамандарын оқытып шықтық. Барлығының талабы жоғары. Жақсы жұмыс істейтіндерін өзіміз жұмысқа аламыз деп отырмыз. Шаштараз, аспаз, тігінші секілді кәсіптерді меңгергендерге сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде бірқатары тұрақты жұмыс орындарын тапқан. Бізді осындай бағдарлама арқылы оқытқандарына рақмет айтамыз. Алдағы уақытта тігін машинасын алып, өз ісімізді ашықымыз келеді дейді кәсіптен нәсіп тауып отырған жандар. Сондай-ақ, жыл басынан бері аталған ауданда 240 адамды қысқа мерзімді оқыту жоспарланған. Ал, кәсіпкерлік саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер аз емес. Меркі ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 617 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта оның 244 млн теңгесі игерілген. Яғни 66 тұрғын жеңілдетілген несие алып, өз істерін жүргізіп отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыға қол жеткізген азаматтарды дені ата кәсіппен айналысуда. Жеңілдетілген несиенің көмегімен қорасын малға толтырған азаматтар аз емес. Ерлік Сұлтанбеков солардың бірі. Мал бордықылаумен айналысатын кәсіпкепкер алдағы уақытта мал басын көбейтуге ниетті. Ол бұрын жұмыстың жоқтығынан Алматы мен өзге қалаларға айлап кететінін, тіпті, ол жақта айлықтың өзін дұрыстап ала алмаған кездер болғандығын айтады. Мемлекет қамқорлығының арқасында қазір ауыл азаматының ел қатарлы тірлігі бар. Бірлік бар жерде тірлік бар демекші бүгінде бұл шаруаны өзінің отбасылық бизнесіне айналдырмақшы. Міне, бұл бағдарламаның қос қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз жүргендерге берері мол. Мемлекет қолдаудың арқасында бірқатар кәсіпкерлер тұрмысының оңалғанын зор қуанышпен айтады. Енді, аталған бағдарлама туралы кеңінен айта кетсек. Биыл Жамбыл облысында халықты жұмыспен қамту мақсатында республикалық жəне облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отыр. Мәселен: биыл 11,1 миллиард теңге бөлінген. Қазір оның 98,7 пайызы игерілді. Ал, жыл басынан бері өңірімізде 16913 адам жұмысқа тартылған екен. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар мемлекеттік саясат арқылы жүргізіле береді.