-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сұмдық! Қытай билігі қатаң ескерту жасады

     «Лекима» супертайфунының жақындауына байланысты Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі дабылдың қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Жұма күні таң атқан кезде тайфун Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған. Желдің ең қатты екпіні 17 балл (секундына 60 метр).

    Синоптиктердің болжамына сәйкес, жылдамдығы сағатына 20 шақырым болатын «Лекима» солтүстік-батысқа қарай ығысады. Сенбінің таңына дейін Чжэцзян провинциясының жағалауына жетеді. Желдің ең қатты екпіні — 14-16 балл.

    Бұдан соң тайфун біршама бәсеңдеп, солтүстікке қарай ығысады. Синоптиктер Қытайдың оңтүстік-шығыс ауданында жұма және сенбі күндері дауыл болып, нөсер жауады деп ескертіп отыр. Су тасқыны сынды апаттың болу қаупі бар.

    Синоптиктер тіпті кемелердің теңізден оралып, тұрғындардың қауіпсіз жерде қалуы керектігін ескертті. 

    қатысты посттар

    «Қан қызыл түске боянған Көз тиді ме екен?..» Киелі орынның өртенуі жұрттың жанына батты

    «Жау ұшақтарын талқандаған батыр 22 жаста болды» Талғат Бигелдиновтың көз жұмғанына бес жыл

    Мемлекеттің 116 680 теңге сыйақысын қалай алуға болады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.