-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қасапханада тірідей сойылған 2,5 миллион адамның обалы кімге?

    ЕО Қытайдағы лагерьлерді жабуды талап етті

    Бүгінгі таңда шығыстағы көршімізге қатысты түрлі жаға ұстатарлық жаңалықтар шығып, тарихи мәліметтер әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Аталмыш мақалада сіз тағы бір сұмдық қылмыс жайлы білетін боласыз. Ол адам ағзасын саудалау мен тірідей суырып алу жайында болмақ.

    Қытайдағы трансплантолог-хирургтар адам ағзасынан ешқандай қиындық көрмейді. Демек қаржы жағынан да қиындықтар болмайтыны анық. Кейбір ауруханалар бір сағаттың ішінде кез келген ағзаңызды тауып беруге әзір. Егер табылған ағза жарамсыз болса, онда екіншісін әп-сәтте алдыңызға әкелетін көрінеді. Ағза көп, ауыстыратын адамда жетерлік, салдарынан хирургтар кей кездері 24 сағат бойы бел жазбай, қызмет етуге дайын екенін айтып шағымданады екен. 

    Қытайда адам ағзасын тасымалдау, оны алу жолдары қатаң сақталады. Трансплантолог-хирургтер ағзаны қайдан әкелетінін білмейміз дейді. Алайда соңғы 20 жылдықта Фалуньгун ұстанымына ерушілер Қытайда тым көп жоғалған. Олардың басым көпшілігі түзеу мекемелеріне жіберілгеннен кейін, олардан қан анализдері міндетті түрде алынып отырады. 2017 жылдың 22 маусымында «Адам құқығы Х» деп аталатын топ, 2000 жылдан бастап Қытайдағы адам ағзасын саудалайтын жүзден астам ауруханалар мен онда ағзасы алынған адамдар жайлы баяндаманы әлемдік БАҚ-қа жіберген болатын. Олардың айтуы бойынша 2000 жылдан бастап аталмыш жолмен 2,5 миллион адамның ағзасы алынып, трансплантация жасалған. Демек 2,5 млн адам өлтірілген. «Бұл баяндаманың негізгі қорытындысы мынау: Қытай жаппай адам өлтіру қылмысымен ондаған жылдар бойы айналысып келеді» — деді топ мүшесі Дэвид Мэйтас Вашингтондағы Ұлттық пресс-клубтаға баяндамасын аяқтаған сәтте. Ол баяндама «Қанды қасапхана: толықтырулар» деп аталады.

    Ағзаларды кімдер ауыстырады? 

    Қытайдың шенеуніктері мен әскерилерінің көбісі 60 жастан асқан азаматтар. Сондықтан аталмыш категориядағы азаматтарға ең жақсы әрі ақаусыз ағзаларды жеткізу қызметімен Қытайдың Азат Ету Әскері (НОАК) айналысады екен. Ол жайында тайға таңба басқандай баяндамада баттитып тұрып жазып қойыпты. «Соңғы уақытта №309 әскери трансплантация жасау орталығы қаржы жағынан қиындық көрмей келеді. 2006 жылы оның жылдық табысы 30 млн юань болса, 2010 жылы ол көрсеткіш 230 юаньға жеткен» делінген баяндама. Ол жайында тіпті аурухананың ресми сайтында да жазылып тұр. Бірақ қаражаттың қайдан пайда болғаны жұмбақ. 

    Дәл осындай байлыққа Чунциндегі Daping ауруханасы да кенеліпті. 1990-жылдары жылдық бюджеті 36 млн юаньды құраған аурухананың табысы 2009 жылы 1 млрд юаньға жеткен. Яғни 25 есеге өскен. Қытайдағы трансплантация орталығының қызметкері Хуан Цзефу 2005 жылы Caijing басылымына берген сұхбатында: «Адам ағзасын саудалау бүгінгі күнгі көптеген ауруханалардың басты табыс көзі болып отыр» деген еді. Артынша ол қателесіп кеткенін және олай айтқысы келмегенін жария етті. Қытайда донор болғысы келетіндердің аздығына қарап, «осыншама ағза қайдан келуде» деген ой туындайды. 817 беттен тұратын баяндамада оған да жауап бар. Онда Қытайдағы 724 трансплантация орталықтары мен ауруханалардың аты-жөні мен орналасқан мекен-жайы анық көрсетілген. 

    Басты ағза көзі болып Фалуньгун ағымын ұстанушылар табылады. Фалуньгун дегеніміз будда дініндегі медиация жасаудың бір тәсілі. 90-жылдары аталмыш тәсіл Қытайда кеңінен тарап, оны ұстанушылар саны бір жылда 70 млнге жеткен. Аталмыш тәсілде бес түрлі әдіс қолданылады. Ол әдістер «Шындық, Қайырымдылық, Төзімділік» принциптеріне бағынуы тиіс. Бұл ұрандар о баста Қытай билігіне ұнағанымен, кейіннен Фалуньгун жақтаушылары тым көбейіп кетуінен қорыққан ресми Бейжің оларды қудалай бастады. Өйткені олардың саны тіпті партия мүшелерінен де асып түскен еді. 1999 жылы Қытай ресми түрде Фалуньгун жақтаушыларын қудалай бастады. Оларды тәрбиелеу лагерлері мен түрмелеріне жіберді. Ол жақтан қайтып келгендері өте аз. Ал 2000 жылдан бастап Қытайдағы адам ағзасын саудалау ғарыш жылдамдығымен өсе бастады. Баяндаманы жасаған Дэвид Килгур, Дэвид Мэйтас және Этан Гутман осы тақырыпты 20 жылдан астам уақыт бойы зерттеп келеді. Олар бұл зерттеу жұмыстары Қытайға деген көзқарастарын түбегейлі өзгерткенін айтады. Этан Гутман 2014 жылы осы тақырып негізінде «Қасапхана» атты кітап жазып шығады. Баяндама авторлары: “Қытай жылдар бойы адамзат тарихындағы ең сұмдық қасапхананы іске қосты. Ең қызығы сол, ол жайында әлем мүлде ештеңе білмейді. Енді оларды тоқтату өте қиын. Олар тоқтамайды» — деген ойда. Қытай билігінің жыл сайын адам ағзасын сату, тасымалдау және бұл қылмысты дамытуға қатысты ойы жыл сайын өзгеріп отыр. 2001 жылы Қытайдан қашып шыққан ең алғашқы «тәрбиелеу лагерінің» тұтқыны осы қылмыс жайында мәлімдеген сәтте, Бейжің оны толыққанды жоққа шығарды. 2005 жылы ресми билік тәрбиелеу лагерлеріндегі кей тұтқындардың ағзасының алынғанын мойындап, олардың өз еркімен келіскенін айтты. Ал 2006 жылы ресми билік ағза тек қана өлім жазасына кесілген Фалуньгун жақтаушыларынан алынды деп мәлімдеме жасады. Бүгінгі таңда адам ағзасын саудалау Қытайда өршіп тұр. Бұл әлемдік қауымдастықты алаңдатуда. АҚШ-тың Конгрессі Фалуньгун жақтаушыларын қойша қырған Қытай билігіне қарсы айыптаушы резолюция қабылдады. Бірақ әзірге қылмыс тоқтар емес.

    Дереккөзі: Bugin.kz

    Асхат Қасенғали

    қатысты посттар

    Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адап зардап шекті (фото)

    Қансырап жатқан жасөспірімді достары таксимен аурухана ауласына тастап кеткен

    Фариза

    Кішкентай қызды зорламақ болған 75 жастағы қария оны кәмпит беріп, алдап шақырған (видео)

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.