-5.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    9 айдан бері жалақысын алмаған елордалықтардың мәселесі қалай шешілді?

    Екі айдан бері толассыз түсіп жатқан арыз-шағымдарға сүйенген еңбек инспекциясы көпір салатын компанияны тексермек

    Елордада көпір салып жатқан жұмысшылар 9 айдан бері жалақы алмаған. Төзімі таусылған құрылысшылар құрылыс басына жиналды. Шиеленіскен жағдайға бас мемлекеттік еңбек инспекторы араласуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігң Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    Таңертеңнен құрылыс алаңына жиналған жұмысшылар аштық жариялады.

    «Біз аштық жариялаймыз. Түнімен осы жерде жату керек пе, жатамыз. Ақшамызды бермегенше», — дейді құрылыс нысанының аспазы Шайра Рузметова.

    Жұмысшылардың дүрліккенін көрген учаскелік полицейлер оларды сабырға шақырып, бір жерге үйіліп тұрмауын сұраған. Алайда ашулы талаптарын алға тартып, орындарынан бір адым жылжыған жоқ. Сөйтіп тұрғанда, мемлекеттік еңбек инспекторы араға түсті.

    Елдің бас мемлекеттік инспекторы Төлеген Оспанқұловтың келуі сол екен тоғыз ай түк бітірмеген жұмыс беруші, бүгін жалақыны аударуға дайын болып шықты.

    «Бухгалтерияға осы жиналған жұмысшылардың тізімі жіберілді. Бүгін-ертең жалақы шоттарына аударылады», — деп сендірді жоба жетекшісі Александр Попов.

    Тізім бойынша 26 адам ғана. Ал айлығын ала алмай, аулына қайтып кеткен қанша жұмысшы бар. Компания басшылығы алдағы күндері олардың да еңбекақысын береміз деп отыр.

    Екі айдан бері толассыз түсіп жатқан арыз-шағымдарға сүйенген еңбек инспекциясы көпір салатын компанияны тексермек.

    «Бүгін мына мәселені шешкеннен кейін, ертең осы жерде істеген басқа адамдар арызбен қайтадан келеді ғой. Солар арызбен келмесі үшін мекемені тексеру барысында жұмыстар жүргізіледі», — деді Төлеген Оспанқұлов.

    Айта кетсек, көпір 2018 жылдың желтоқсанында салынып бітуі керек еді. Бірақ құрылысы осы жылдың соңына дейін ұзартылған.

    қатысты посттар

    Қылмыс әлемінің серкесі, қазақстанның криминалды авторитеті Айтқали Маймышев ұсталды

    Фариза

    Зейнетақы жинағын алу: елімізде жеткілікті деңгей екі есе көбейді

    Фариза

    Алматыда мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.