-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Полиция 16 жастағы жігітті 3 жыл бойы зорлап, интимдік видеолармен бопсалаған

    Жігітті бірнеше жыл бойы зорлаған бұрынғы тәртіп сақшысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

     Түркістан облысында 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды

    «Зардап шегушіні бірнеше рет зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 194-бабы — қорқытып, ақша алу бойынша айып тағылды. Бірінші бапқа сәйкес, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені бұл аса ауыр қылмыс», — деді адвокат.

    Үш күн ішінде Түркістан облысының соты күдіктіні қамауға алуға санкция береді.

    Жәбірленушінің сөзі

    Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті. Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

    Жантүршігерлік оқиғадағы екінші жәбірлеуші 1979 жылы туған ер адам. Полицияның бұрынғы қызметкерінің әрекеті туралы білген ол да оқушыны зорлап, ақша бопсалай бастаған.

    қатысты посттар

    «Миы шайқалып кеткен» Ер адам өгей анасы мен оның шешесін өлімші етіп сабап тастады (видео)

    Қызылорда облысының әкімі Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына тағзым етті

    Фариза

    «Кентау сервис» МКМ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.