Қазіргі таңда Атамбаев уақытша ұстау абақтысында жатыр. Адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.
Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды
Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды.
Атамбаев 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған еді.
Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген.
Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме айтқан жоқ.
Тағы да оқыңыз: Атамбаевты қарулы күштер қалай қолға түсірді? (видео)
7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.
Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.