-2.1 C
Алматы
Вторник, 19 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Теңіз кенішінде 200-ге жуық қызметкер жұмыссыз қалды

    Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы да бас көтерді. Бірақ бұл жолы олар бізді жұмыстан жазықсыз шығарып отыр деп наразылықтарын білдіруде. Тіпті басқа жұмысқа да тұра алмай сандалып жүргендер бар екен. Өйткені олардың қайдан келгенін естіген ферма басшылары айтқандарына мүлдем құлақ аспай, тіпті есікті тарс жабатын көрінеді. Бұл жайында Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші  арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    «Елді дүр сүлкіндірген Теңіз кенішіндегі даудан кейін кейбір қызметкерлерге демалыс беріліп, жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Сол кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұртқа бәрін өз бақылауында ұстауға уәде еткен еді. Алайда, компания қызметкерлері жұмысшыларға хабарласып, келісімшарттың бұзылғанын хабарлаған. Сөйтіп 200-ге жуық адам сырттай жұмыстан қуылып, абдырап қалған», — дейді телеарна тілшісі.

    «Әркімнің өзінің құқығы бар. Әркімнің өз міндеті бар. Соны екі жақты қатаң сақтау керек. Жұмыс кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды», — деді облыс әкімі.

    «Шок болып қалдық. Кредитіміз бар, бала-шағамыз бар. Бұлай бір күнде қысқартып жіберуге олардың қақысы жоқ қой. Алдын ала ескертіп айтуы керек. Біз жұмыс іздейтін едік»,- деп ашынуда жұмыссыз қалған тұрғындар.

    Ал Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы Кемел Иманғалиев болса:

    Жұмысшылардың келісімшарттары белгілі бір жұмыстың аяқталуына дейін жасалған. Егер де ол жұмыстың аяқталатын уақыты келген жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы, – дейді

    Десе де, бір күнде нәпақасынан айрылған жұмысшылар мұның заңды екенімен еш келіспейді. Сондықтан бұл мәселеге жергілікті биліктің араласуын сұрайды.

    қатысты посттар

    Базарлардағы тазалық – бақылауда болуы тиіс

    Фариза

    Қызылордада 11305 адам өзінің биометриялық мәліметін тіркеді

    Фариза

    Кәсіподақ кадрлары жасаруда

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.