-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Экономика

    Тауықтан да табыс бар

    Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау бойынша қабылданған шаралар әр өңірдің гүлдене түсуіне сеп болып отыр. Сол көштен Қордай ауданы да қалысар емес. Мәселен: «Қордай құс» фабрикасы өңірді тауық еті және жұмыртқанмен толықтай қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұранысына ие тауар өндіруде. Қордай ауылына қарасты «Цемзауыт» ықшам ауданына іргелес жерден орын тепкен құс фермасы шетелдік құрылғылармен жабдықталған. Мұнда заманауи техника және дәрі-дәрмектің орынды қолданылуының арқасында инфекция мен иістің таралуына жол берілмейді. Толықтай автоматтандырылған ферма жұмысы бірыңғай жолға қойылған. Арнайы бөліктерде төрт құстан орналастырылған және жұмыртқалары арнайы лента арқылы бір жерге жеткізіліп, жиналып алынады. Жақында арнайы климат бақылау құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Оған тапсырыс та беріліп қойыпты. Қазір біз 10 242 тауық-ты күтіп, баптап отырмыз. Негізінен жұмыртқа бағытында жұмыс жүргізудеміз. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығы толықтай автоматтандырылған. Қазіргі таңда күніне бір тоннадан аса байытылған жем кетіп отырады, сонысына орай жұмыртқа сапасы да жақсы. Ферма ішін үнемі ылғалдап, желдетіп, құстың осы түріне арналған баптау шараларының барлығын технологияға сәйкес жүргізіп отырмыз дейді бас технолог Дмитрий Мортин. Қордайлық тауық фермасы тұқымды Талдықорғандағы «Көгер» құс зауытынан жеткізеді. «Ақ-құс» тауарлы маркасымен танымал аталмыш зауытта өсірілетін тауықтардың бұл түрі «Ломан ЛСД» деп аталады екен. Ақ түсті болып келетін аталмыш құстың бұл түрінің жұмыртқаларына да етіне де сұраныс өте жоғары. Ферманы тұрғызу, орнын дайындау, құрылғыларын алу, тауық тұқымын жеткізу сынды жұмыстардың барлығын өз қаражатымызға жасадық. Ал, арнайы жем алу үшін ауыл шаруашылығын қаржыландыру қорына жүгініп, сол жерден несие алдық. Әзірге жұмыс барысы жаман емес. Қазір ұстап отырған құстарымыз күніне 10 мың данаға дейін жұмыртқа береді. Алдағы жоспарда 20 мың орындық инкубаторлық цех, 25 мың құсқа арналған ет бағытындағы цех және арнайы қасапхана салу жұмыстары бар. Негізгі жұмысты биыл аяқтауға ниеттіміз. Әзірге барлығы жоспарға сәйкес іске асуда. Жұмыртқа Алматы қаласындағы өзіміздің көтерме-сауда дүкенімізде сатылатын болады дейді зауыт басшылары. Қазірдің өзінде 10 адамды жұмыспен қамтып отырған «Қордай құс» өз қызметкерлерінің құжаттарын толығымен рәсімдеп, зейнетақысына дейін аударып, бір сөзбен айтқанда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары талаптарын толығымен орындап қойыпты. Ал, жұмыртқа мен етті негізінен Алматыға жөнелткенімен, сұраныс болып отырса Қордай ауданын толығымен қамтамасыз етпекші ниетте. Міне, бұл еңбек еткен адамға тауықтан да мол табыс табуға болатындығын көрсетеді. Ең бастысы жұмыстың көзін тауып, адам оған шын берілуі керек. Құс өсіру пайдасы мол шаруа. Өйткені, ол өте тез көбейеді. Әрі өнімді де көп береді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында құс шаруашылығымен айналысатындар көбейді. Құс фермаларын әсіресе, Жамбыл және Байзақ аудандарына барар жол бойынан да көп кездестіруге болады.

    қатысты посттар

    Жаз-атаның тойы туған жерінде кеңінен аталып өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Жол жөндеу жұмыстары аяқталды

    Фариза

    Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.